Осыдан екі жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім педофилдің қорасынан табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2017 жылы Германияда болған. Достарына барып келемін деп кеткен жасөспірім үйіне қайта оралмаған. Сол кезден бері іздеуде болған бала енді табылды. Оның үстінде жоғалған кезде киген киімі болған.
Құқық қорғау органдары балалар порнографиясын таратқан деген күдікпен 44 жастағы жұмыссыз ер адамның үйіне тінту жүргізген. Сол кезде жасөспірім табылған.
Марвиннің айтуынша, оны ешқашан далаға шығармаған, тіпті таза ауамен тыныс алу үшін де. Жасөспірімнің денесінен ешқандай зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ, бірақ көршілері полицияға үйден біртүрлі шыңғырған дауыстар естігенін айтқан.