Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

Екі полицей қаза тапқан апат. Полиция басшысы сөгіс алды, үш қызметкер лауазымынан айырылды

Мамыр 27, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Оқиға
Екі полицей қаза тапқан апат. Полиция басшысы сөгіс алды, үш қызметкер лауазымынан айырылды
Поделиться на Facebook

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 25 мамыр күнгі екі полицей қаза тапқан көлік апатына байланысты Алматы полиция басшылығына тәртіптік жаза қолданды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, жазалау шарасы жеке құрам арасында профилактикалық жұмысты дұрыс жүргізбегені үшін және ақпаратты бұрмалағаны үшін қабылданған.

Тәртіптік жазаға тоғыз қызметкер іліккен. Олардың үшеуі лауазымынан босатылған, үшеуіне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалған және қалған үшеуіне қатаң сөгіс жарияланған.

Лауазымынан босатылғандар:

– Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Е. Сатаев;

– Кадр саясаты басқармасының басшысы полиция полковнигі О. С. Мырзабеков;

– Жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция подполковнигі А.О. Ақылбеков.

Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту алғандар:

– Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі М. А. Саттаров (бұрын полк командирі қызметін атқарған);

– Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі С.О. Көкірекбаев;

– Полиция басшысының орынбасары полиция полковнигі А.А. Нашарбеков.

Қатаң сөгіс алғандар:

– Полиция басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н. С Алмасбеков;

– Бөлім басшысы полиция подполковнигі С.К. Әзірбек.

– Полиция басшысы Қ.Д.Таймерденов

Полиция қызметкерлерінің тәртіпті жаза алуына түрткі болған көлік оқиғасы 25 мамыр таңертең Алматы қаласына кіреберістегі блокпостта болған. Блокпостты бұзып өткен автомобиль алдымен бетон қоршауға, одан кейін патруль көлігіне соғысқан. Патруль көлігінде болған екі полицей – 42 жастағы Жалғас Жанғазиев пен 26 жастағы Дастан Әбдіқанов қаза тапты.

Әлеуметтік желіде күдіктінің өзі полиция қызметкері деген қауесет тарап, артынан Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Күдікті деп анықталған азаматтың полиция формасында түскен суреті қауесетке арқау болған.

“Kaztag” агенттігіне берген сұқбатында Әзірбек: “Таңғаларлық емес. Ол форманы «Военторгтан» кез келген адам сатып ала алады» деді.

Кейіннен қаза тапқан екі полицейдің бірі Дастан Әбдіқановтың жары жергілікті ZTB.kz ақпараттық порталына берген сұқбатында: «Күдікті полицияда жұмыс істемейді деген өтірік… Ол күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығып жүрді. Мен оларға түнге тамақ әзірледім. Мен күйеуімнің әріптестерін танимын» деген.

Бір күннен соң Алматы қаласы полиция басшысы Қанат Таймерденов 1992 жылғы күдіктінің бұрын полиция құрамында болғанын мойындады. Таймерденов оның полиция қызметінде алты жұмыс істегенін, төрт рет тәртіптік жаза алып, жұмыстан шығарылғанын айтты.

«Заңды бұзып, оның ауыр салдары туралы біле тұра, ол рөлге мас күйінде отырып, қылмыс жасады» деді Таймерденов.

Бөлісу6ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Оның себептері бар": Ләйлә Сұлтанқызы екінші рет коронавирусқа тест тапсырды

Келесі жаңалық

Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді

ҰқсасЖаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ
Басты жаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
62
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
451
Қостанай облысында 12 жасар қыз жүкті: өгей әкесі қамауға алынды
Қылмыс

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
21
Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін
Денсаулық

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
22
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
356
Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді

Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.3k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
451
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
62

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
451

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
21

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
22

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
356

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.