Ақтөбеде қыз зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері «Ілек» өзенінің маңында көлікті байқайды. Сол тарапқа жақындай бергенде, көліктен қыз жүгіріп шығып, сақшыларға өзінің зорланғанын айтқан.
Сол сәтте күдіктілер қолға түскен.
Олар қазір үй қамауында. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Істі тергеу амалдары облыстық ПД басшылығының бақылауында.