Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас ауданы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер – Сапаров Әбдімүтәліп Мүслімұлы «Дос би» ЖШС ұжымымымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша экспромт-кездесу өткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында 2021 жылы 4 ауылдық округте 2023 жылы Келтемашат ауылдық округі жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырылып, жарықтандыру жүйелерін орнатылатындығын және (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал ететіндігін айтты.
Сонымен қатар, Келтемашат ауылдық округінің шақырымдық жолдары орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіндігін тілге тиек етті.
«Дос би» ЖШС 1996 жылы құрылған болатын. ЖШС-тің төрағасы – Тлеулесов Асет. Негізгі айналысатын шаруашылығы – ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді және асыл тұқымды ірі қара мал бағады.
ЖШС-тің өзінің тәулігіне 3 тонна сүт өндіретін жеке мини цехы бар. Бұл шаруашылықта тұрақты түрде 70 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда мал қыстату науқаны болып жатыр. Шаруашылық ұжымы бірауыздан NUR OTAN-ды қолдайтындарын айтып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас ауданы филиалының сайлау қорынан төленеді.