Ресейлік танымал тележүргізуші, модель Алена Водонаева Қазақстанды қырға теңеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
«Ұлым бірнеше аптаға «степьке» кетті. Қазақстанға. Бір жерлерде жүр, хат жазбайды. Богданның әкесі екеуміздің жазғы каникулға деген түсінігіміз екі түрлі. 8 жыл бұрын неге ажырасқанымызды енді түсіне бастаған сияқтымын»,- деді Алена Водонаева Instagram желісіндегі парақшасында.
Модельдің Қазақстанды қырға теңегені көптің көңілінен шықпады. Әсіресе қазақстандық оқырмандары ренжіп, қатты сөздер жазды: «Өзің қырсың, жынды», «Қазақстанды көрмегендігің білініп тұр». Олар Водонаеваны көргенсіз десе, кейбіреулері Қазақстанға шақырды. Бір қызығы, жазбаның астында Қазақстанды жақтап, пікір қалдырғандардың арасында ресейліктер де бар. Қазақ жерін, дамыған қалаларын, тауларын, табиғатын көрген олар тележүргізушіге Қазақстанға барып, демалып қайтуға кеңес берді.