16 жастағы Магомед Ахматов әлеуметтік желіде республика басшысын сынға аламын деп, елге масқара болды, деп хабарлайды Neonomad.kz «Грозный» мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап.
Билікті сынға алған кәмелет жасына толмаған Магомед Ахматов сұқбат беріп, кешірім сұрады. Шамамен 46 минут бойы жасөспіріммен тілдескен Шешенстан мүфтиі Салах Межиев Ахматов биліктің сыни пікірінен үзінді оқыды. Эфир барысында жігіт көзіне жас алып, шешен елі мен халқының алдында кешірім сұрайды. Оның сөзінше, түрлі интернет-насихаттың алдауына түсіп, билік туралы шындыққа жанаспайтын пікір қалдырған. Нақтырақ айтар болса, жас жігіт Қадыровтың саясатын жүргізіп отырғандар жемқорлар, ал мемлекет басшысы болса «діннен безген» деп жазған.
Жас «эксперттің» анасы ұлына ие бола алмағанын айтса, жігіттің ағасы масқара болғанын мойындап, оны шешен заңына сай жауапқа тартылу керектігін мәлімдеді.