Тоғыз жасынан қатерлі дертке шалдыққан жас қызбен Димаш осы жылдың тамыз айында кездесті. Өзінің жанкүйерінің ахуалын білу үшін Димаш Қазан қаласындағы хосписке барған болатын, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
21 жастағы Лейса Сейтназарова қатерлі дертті жеңу үшін бірнеше рет ота жасатып, химиотерпапия курстарынан өткен. Өкінішке орай, ол шаралар қызға көмек бермеді. Қайғылы жаңалықты естіген Димаш Құдайберген қыздың ата-анасына көңіл білдірді.
«Періштедей жүрегі таза Лейсан қарындасым туралы осы бойы ғана ауыр хабар естіп төбеме жай түскендей болды. Жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын күндей күлімдеген алтын қыз…Барлық жақындарыңа Алла сабыр берсін. Шын жүректен қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, Ауыр дертке шалдыққан Лейсан есімді қыз Татарстанның Қазан қаласында, хосписте тұрады. Димаштың жанкүйері. Оның әндерін тыңдап, емделуге күш жинағанын, жұлдызбен кездесуді армандайтынын теледидардан айтқан. Соны естіген Димаш, қызбен кездесуге хосписке іздеп барған. Толығырақ оқыңыз.