Әнші Димаш Құдайберген спорттағы шеберлігін көрсетті. Instagram желісіндегі парақшасында ол оқшаулану кезіндегі видео жариялады, ол допты жерге түсірмей жүз рет тепкен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«100 рет істедім. Бала кезімде күн сайын футбол ойнайтыным есімде. Қалпымды жоғалтып алғаным байқалады, бірақ жаттығу жасауға уақыт табылды», – деп жазды Димаш.
Әншінің тыңдармандары Димаштың шеберлігіне таңғалғанын жасырмады:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Барлық жағынан таланттысың», «Жігітке жеті өнер де аз», «Сен барлық салада виртуозсыз» деген пікірлер жазылған.