Әнші Димаш Құдайберген телевизиялық шоуда өзін айнытпай салған қызды іздейді, деп хабарлайды Neonomad.kz Димаштың instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстандық әнші өз парақшасында видео жариялады. Онда бейтаныс қыз телевизиялық шоуда өнер көрсетіп, кезінде Димаш орындаған Sos Dun Terrien композициясын айнытпай салды.
«Өте қызық пародия. Бұл қыз маған өзімнен де қатты ұқсайды. Өте шебер орындаған. Қай елде болған екен?», – деп жазады Димаш.
БАҚ болжамынша, бейтаныс қыз «Яг түүн шиг» (Yag Tuun Shig) таланттар шоуында өнер көрсеткен.
Ал мынау Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән: