Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Беларусь елінде өтіп жатқан II Еуропа ойындарының ашылу салтанатында ән салды, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Видеода көріп тұрғаныңыздай, «Динамо» стадионында Димаштың Ogni Pietra (Olympic) жаңа әні шырқалуы кезінде Еуропа олимпиада комитетінің туы шығарылды. Осы музыкалық номер үшін Димаш қазақ елінің көк туын желбіреткендей, көк түсті киім киіп шықты.
Айтпақшы, Димаштың орындаған әнін ресейлік композитор Игорь Крутой, ал сөзін Лилия Виногравдова жазған.
Еуропа ойындарының ашылу салтанатын 25 мың адам тамашалады.
II Еуропа ойындары Минскте 30 маусымға дейін болады. спорттың 15 түрінен медаль сарапқа салынады.
Жарысқа Қазақстан қатыспайды.