Әлеуметтік желіде тараған қауесетке Димаш Құдайбергеннің өкілі жауап берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Соңғы уақыттарда әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергенов пен Игорь Крутой арасындағы шығармашылық байланысқа қатысты жалған ақпарат тарап жатыр. Түсіндіріп өтуге мархабат. Димаш басынан бері BG Talent компаниясымен жұмыс істейді. Мұнымен қатар, әнші Американың BMG (Bertelsmann Music Group) Еntertainment компаниясымен, Швеция, Англия, Корея, Қытай, Франция, Ресей және т.б. елдің сазгерлерімен тығыз байланыста», – деді «ДимашӘли» шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова.
Әрі қарай ол әртістің бар шығармашылық жұмысы «ДимашӘли» орталығымен жүзеге асатынын айтты.
«Сазгер Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің арасында жылы шығармашылық және достық қарым-қатынас орнатылған. Бұл қарым-қатынас әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. 2020 жылға Игорь Крутоймен бірге барлық жоспарланған концерт кестеге сай өтеді. Алдағы уақытта сенімсіз дереккөзінің ақпаратын таратпауды өтінеміз», – деді ол.
Осы уақытқа дейін отандық режиссер Нұртас Адамбай Димаш Құдайбергенге ресейлік сазгермен байланысты тоқтатуға кеңес берген-ді.