Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өткен жеке концертінен түскен қажаттың бір бөлігін Арыс тұрғындарына аударатынын айтты деп хабарлайды Neonomad.kz «Казинформ» сайтына сілтеме жасап.
«Шетелде көп жүргеніммен, ылғи елімнің жаңалықтарын біліп отырамын. Интернетті ақтарғанда ең бірінші елімде не жаңаық болып жатқанын қараймын. Жақында Арыста болған оқиға маған да қатты батты. Тіпті концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді, солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар, арнайы келушілер бар! Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз боп саналады, ағайын» – деді Димаш Құдайберген концерт барысында.
Кеше, 29 маусымда, елордада қазақтың мақтанышына айналған әнші Димаштың «Aрнау» атты жеке концерті болды. Ол – Нұр-Сұлтан күніне арналған.
Қазақстанның елордасында өткен концертке АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия,Швецария, Сингапур, Ежелгі Мысыр, Израиль және Марокко сынды 64 елден он мыңға жуық Димаштың тыңдармандары келді.
Еске сала кетсек, 24 маусым күні Түркістанның Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшеде жарылыс болып, қала тұрғындары жаппай эвакуацияланған болатын.