Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда – «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым», – деп жазды Димаш.