Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтан мен Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақтөбедегі Ғазиза Жұбанованың атындағы филармонияның директоры Елубай Кенжалиев айтты.
Димаш Құдайберген мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Біздің Димашымыз да сауапты іс жасап, елордалық және ақтөбелік 100 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберіпті. Алла разы болсын», – деді Елубай Кенжалиев.