Қазақстанда кәмелет жасына толмаған балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынасқа зорлағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Almaty телеарнасына сілтеме жасап.
Бұған қоса жәбірленуші мен қылмыс жасаған тараптың татуласуына қатаң тыйым салынады.
Халық қалаулылары сондай-ақ, аса ауыр санатқа жататын жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ұсынып отыр, деп мәлімдейді телеарна.
Бұдан бөлек, педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, одан бөлек бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік те көзделген. Барлық мамандандырылған мекемелердің жетекшілері, ата-аналар мен қамқоршылар да зорлау фактісін жасырғаны үшін енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.