Делдалмын деп жұртты алдаған 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Алаяқ әйел өз клиенттерін әкімдіктің алдында жүріп, табады екен.
Баспана базасымен келгендерге өзін делдал ретінде таныстыратын көрінеді. Алматы әкімдігінде сөз байласқан танысы барына сендірген алаяқ жұртқа пәтерлердің құжаттарын да көрсеткен. Арзан пітерден айырылғысы келмеген адамдар әйелдің сұраған ақшасын сол күні әкімдіктің ауласына әкеліп беретін болған. Сөйтіп 50 млн теңгеден астам ақша жинап үлгерген. Кейін белгілі болғандай, 33 жастағы келіншек бұған дейінде істі болған екен. Төрт жыл бұрын адамдарды алдап, тақырға отырғызып кеткен. Жуырда ғана түрмеден шыққан.
«Біреуі 6 миллион, біреуі 24 миллион, біреуі 15 миллион дегендей қомақты сомадағы ақшаларды оған берген. Егер де осы Жұмағұлованың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Бостандық ауданының полициясына хабарласуын сұраймыз»,- дейді Дәурен Өтебаев, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы.