28 жастағы қазақстандық боксшы американдықты нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Финиксте Talking Stick Resort аренасында (Аризона, АҚШ) өтті. Бокс кешінің басты оқиғасы екінші орта санаттағы әлемнің экс-чемпиондары – америкалық Дэниэл Джейкобс пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавестің кездесуі болды.
Елеусінов – Санчес жекпе-жегі он раундқа есептелген. Алайда қазақстандық алғашқы раундтарда қарсыласының қабағын жарып, салдарынан төртінші үшминуттықта дәрігерлер америкалық боксшыны қарауға тура келді.
Нәтижесінде, бесінші раундта тағы бір тексерістен кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді.
Айта кетейік, Елеусіновтың қоржынында 20 жеңіс және бір тең ойын бар.