Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың жаңа бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бейнебаян Шәкен Айманов атындағы киностудияда түсірілген. Бұл туралы әншінің PR-директоры мәлімдеді. «Don’t Cha» әнінің клипі қазан айында дайын болғанымен, әнші мен оның режиссерлік тобы клипті жариялауды кешіктіре тұрғанды жөн көріпті.
«Біз кестеден сәл артта қалып, клипті жариялауды кешіктіріп алдық. Себебі, оны ерекше қылып шығарғымыз келді. Түсіру тобын таңдауда жолымыз болды, олар өз ісінің тәжірибелі мамандары екен. Әр тұсты мұқият қарап шықты: жарықтың дұрыс түсуі, дыбыс, жарық коррекциясы. Мен жұмысқа ризамын, көрерменге де ұнайды деп сенемін», – деді Данэлия Төлешова.