Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Құдайдың құдіреті деп неге алдайсыңдар»: Мақтааралдағы судан аман қалған мешіттің сыры ашылды

Мамыр 12, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
«Құдайдың құдіреті деп неге алдайсыңдар»: Мақтааралдағы судан аман қалған мешіттің сыры ашылды
Поделиться на Facebook

Өткенаптада Түркістан облысында бірнеше ауыл суға кетті. Су басқан ауылдағы мешіт қана аман қалды. Айналасы судан құрғақ тұрған мешіттің суреті желіген тарап, көпшілік таңдай қағысып жатты. Алайда мешіттің де ауласын су басып, кейіннен құрғағаны белгілі болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Бастапқыда мұны Алланы құдіретіне балап, жаратылысқа бас иген халық енді мешітті де су басқанын біліп жатыр.Мұны неге исламмен, құдіретпен байланыстырды деп сынап жатқандар да бар. Арман

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Әубәкір facebook парақшасына: «Осы дінде өтірік айтқан күнә да, ал дінге адамдарды тарту үшін өтірік айтқан күнә емес екен» деп жазды.

Мешіттің суретін алғашқылардың бірі болып желіге жүктеген Мұхамеджан Тазабеков кейіннен түсініктеме берді.

«Мақтаралдағы мешіттің біресе суда тұрған, біресе құрғақ хәлдегі фотосы интернетте талас туғызып жатыр. Жақсылап сұрастырдым, екеуі де рас. Алдын ауылға су кіргенде мешіт ауласына да жайылған, кейін су арнасы түсе бастағанда мешіт төңірегіндегі су бірден тартылып кеткен. Видео алдын таспаланған, фото кейіннен түсірілген. Бұл дауға айналдырып, талас туғызатындай күрделі мәселе ме? Бәрі түсінікті емес пе? Ия, жер биік шығар. Аула құмдауыт шығар. Бірақ оны халықтың мешітке деген құрметіне қарсы қойып қажеті қанша? Елден бұрын мешіттің айналасы құрғаған екен, оны көрген мұсылман «бұл да бір Құдайдың құдіреті» депті. Оның қай жері надандық? Әр нәрсені көріп, Алласын есіне алған, жақсылыққа жорамалдап, көргенінен ғибрат іздегенде тұрған не бар?

Мешітті су баспақ түгілі, қиратып тастаған замандар болған. Одан мешіттің қадірі түсіп, халық жүрегіндегі дәрежесі кеміді ме? Мешіт қирады екен, деп, мұсылман Исламнан қашты ма? Әрине, жоқ. Ислам ғажайыптар мен тылсым түсініктерге құрылмаған дін екенін бәріміз де білеміз. Ақылдың діні, ғылымның діні екенін, Құдайдан ғалымдар қаттырақ қорқатыны жайлы аятты да оқығанбыз. Ғылым, білімге ыждаһат жасамай, мистика қуып, көсемін құдайдай көріп, қолы тәспіден, көңілі нәпсіден босамаған қаншама ағымдардың адасып, ерушілерін артқа тартқанына тарихтан таныспыз. Әрине, Әл-Фараби мен Ибн Синаның қалдырған ізін көріп тұрсақ та, бүгінгі үмбет – біздер Илон Маск пен Стиб Джобстың көлеңкесіне де ере алмай жатқанымыз өкінішті.

Тазабеков бұдан ешқандай кемістік не надандық, құдіретсіздік көрмейтінін айтты. Кез келген нәрсені көргенде құдайдың құдіретін сөз ететін мұсылман үшін бұл мансұқтайтын жайт емес деген пікір айтты.  «Надандықпен, қараңғылықпен күрескеніміз жақсы, бірақ «Исламнан бездіріп жатсыңдар, дінге көлеңке түсірдіңдер» деп, байбалам салар жер бұл емес. Сирияға кетіп соғысып, ата-анасымен ас ішпей, некеге немқұрайлы қарайтын, дәстүрді мансұқтап, ұлтын менсінбейтін қаншама шетін көзқарастар мен шектен шыққандар жүр. Соларды тәрбиелеп алсақ та аз олжа болмас еді. Қанша биіктен қарасақ та жәй адам өз қөзқарасымен өмір сүреді. Қарапайым халық қарапайым нәрсеге таң қалады. Судың ә, дегенде мешіт ауласынан бастап құрғағанын көрген жұрттың, «Құдайдың құдіреті» дегенінде тұрған не бар?

Ол сөзді мен де айттым. Мешіт түгілі біреудің баласы әкесінен аумай қалса да «Құдайдың құдіреті» дегенді айтамыз. Оның несі надандық. Елдің бәріне түсінікті жәй болса да, бітік шыққан егінді көрсек те, жауайын деп тұрған бұлтты жел айдап әкетсе де «Құдайдың құдіреті» деген сөзді қолданып жатамыз. Біреудің сенімін сыйламасақ, құрметіне қалай бөленеміз. Құрметпен қарамаса, Ислам – ақылдың, пікірлеу мен пайымдаудың діні екенін қалай түсіндіресіз?!

Көрген ғажайып пен түсінбеген тылсымға қарап, «Құдайға жақын болам, Ислам деген осы» деп, уағыздауға мен де қарсымын. Бірақ, көргенінен ғибрат іздеп, көңіліне тіреніш тапқысы кеп тұрған пендені де «надан, көрсоқыр, артқа тартушы» деп айыптауды қолдамаймын. Әр нәрсенің ортасы бар. Бауырыңның жазғаны ұнамаса, тарпа бас салма, түсіндір. Ұлағатың жеткенше ұғындыр. Қазақ қазақты өзіндей көрмей, көші алға жүрмес. Жек көргеніміздің басын алғымыз кеп, жақсы көргеніміздің желкесінде отырғымыз келеді. Неге орташа мәміле жасай алмайды екенбіз? Қасиетті Рамазан талас-тартыстың айы емес, ынтымақ берекенің айы. Нақты біреуге айтқан сөзім емес, жалпы жағдайға байланысты ойымды білдіріп жатқаным», – деп жазды Тазабеков желіде.

Бөлісу63ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Азық-түлік бір айда 1,9 процентке қымбаттады – Ұлттық банк төрағасы

Келесі жаңалық

«5 миллионға дейін ақша құйдық»: Халық Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның ұтыс ойынына қатысып алданып қалды

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
98
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
24
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
102
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
7
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
24
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«5 миллионға дейін ақша құйдық»: Халық Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның ұтыс ойынына қатысып алданып қалды

"5 миллионға дейін ақша құйдық": Халық Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның ұтыс ойынына қатысып алданып қалды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.2k
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.2k
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
419
Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Санаты жоқ

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
139

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
98

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
24

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
102

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
139

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
7

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
24
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.