Сәрсенбі, Наурыз 3, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Дәулетбекқызы: Керемет болсаңдар, министр, әкім күйеулеріңнің 12 машинасын мінгізгенін мақтанып, елді адастырмайсыңдар!

Шілде 22, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Дәулетбекқызы: Керемет болсаңдар, министр, әкім күйеулеріңнің 12 машинасын мінгізгенін мақтанып, елді адастырмайсыңдар!
Поделиться на Facebook

Отандық журналист, қоғам белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызы жанайқайын жазды. Ол өзін ашындырған адамдардың көптігін айта келе, енді шындықты ашық айтатынын ескертті. Бұған дейін қоғам істеріне белсене араласып жүрген журналист бұл жолы коронавирус тақырыбы мен белсенділік танытып жүрген жұлдыздар жайын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қоймадыңдар ғой. Жазайын пандемия туралы. Қатты жазамын. Дайын болыңдар! Өзім ауырып тұрғаннан соң, бұл тақырыпты қозғағым келмеген еді. Тіліңді шығарады ғой кейбір провокаторлар! Кезінде «Сақтаныңдаршы, өтініш?! Италияның, Испанияның кебін кимейікші?!» деп зарлағанымда, «политика, Айсұлтан, Дариға» деп қарсы келген едіңдер маған. Кейбіреулер: «Саған билік қанша төледі?» деп мысқылдаған болатын. Солардың ішіндегі екі ағамыз да өмірден кетіпті. Иманды болсын!

Осыншама шырылдағанымда осындағы ел ағамыз деп отырғандар да, әншісі бар, клоуны бар, жыршысы бар, журналист-жазушысы бар: «Өлген адамды көрсетіңдерші? Жоқ вирус! Жоқ!» деп халықты азғырды. Мен ауылдағы сенгіш, аңғал халықты ойлап шырылдадым, сендерді емес сайқымазақтар!
Сендер қай кезде Халықты ойладыңдар, айтыңдаршы?! Ешқашан! Елге жандарың ашыса, үйлеріңді, көліктеріңді ұтысқа тігіп, 10 мың теңгеден билеттеріңді сатпайсыңдар!» – деп жазды Дәулетбекқызы.

Дәулетбекқызы ақылы семинарлар өткізіп, халықты ақымақ санайтын жалған психологтердің ісіне ашулы. Оған ақшасы мен уақытын жұмсайтын қыз-келіншектерді де ақымақ санайы.

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

«Сендер халықты ойласаңдар, 25-50 мың теңгеге семинар өткізіп, түкке тұрғысыз дермантин көшелёктарыңды, жасыл нәскилеріңді, қатеге толған кітаптарыңды сатпайсыңдар! Сендер керемет болсаңдар, министр, әкім күйеулеріңнің 12 машинасын мінгізгенін, Луи Витон сөмкелеріңмен мақтанып, елді адастырмайсыңдар! Сендер сондай жандарың ашып жатса, карантиннің кезінде сән салонында шуылдатып билемейсіңдер!

Енді жандарың ашып қалыпты да сендердің! Халықшыл болып бара жатырсыңдар ма ет-жүректерің елжіреп? Сатыңдар Хан сарайындай үйлерің мен Джиптарыңды! Сендер де Халықтың осылай қырылып жатқанына себепшісіңдер! Өйткені, Сендер видеоға шығып «вирус жоқ» деп пост жазып, Халықты ашындырдыңдар да, менің жазған постарыма қарсы келтірдіңдер! Сендердің көпірген, лепірме видеоларыңды көрген жастар – маған емес, Сендерге сенді де, той тойлатып кетті. Сақтанбады», – деп жазды ол.

Айтуынша, халықтың вирус жоқ екеніне сендірген де әнші-жыршылар. Қара халық солардың сөзіне сеніп, сақтану туралы ойламады дейді.

«Миллион, 100, 500 мың подписчигін жинап алғандар мені сыртымнан келеке етті. Не үшін дейсіздер ме? Себебі, олар қалталарын ойлады! Бутигінде сатып жатқан киімдері тұрып қалады деп ойбайлап, сән салондары тұралап қалады деп зар қақты да, Халықты маған қарсы тұрғызды. Тойдан құр қалып қоямыз деп жандары ышқынды! Енді не күрмек секілді Халықтың арқасында су ішіп отырып, зарлап кеттіңдер?! Барлықтарың шеттеріңнен қор ашқыш болып кеттіңдер ғой тегі. Жинап жатқан – Халық! Қырғыздың әншісі секілді астарыңдағы көлікті сатып жатсаңдар мейлі ғой. Жоооқққ, бұлар Халықтың ақшасын жинап алып лепіреді келіп. Қолдан Батыр жасағанды қойыңдаршы.

Міндетті түрде жақындарыңнан айрылғандарыңда ғана коронавирустың барына сендіңдер ме!? Дәл қазір көрден Гитлер мен Сталин тіріліп шықса ғой. Ана дәрілерді тығып ұстаған, қатынжанды Айбатыр Жұмағұлов пен оның командасын екі сөзге келтіртпестен қақ шекесінен атып түсіретін еді. Соның әйелі де жылмиып осындағы аңқау әйелдерді түкке тұрғысыз матрицасымен алдап, қалтасын қақты. Күйеуі бір, өзі екі болып сорды Халықты! Ол әйелден де Халықтан мүләйімсіп жинаған ақшасын шығарту керек!

Ал, базарларда дәрілерді он есе бағаға сатып отырған саудагерлер – Сендер елдің құртысыңдар! Жебірсіңдер! Дым көрмеген тексізсіңдер беттеріңе айтайын! Сендер өлейін деп жатқан Халықтан ақша көргілерің келе ме сонда?! Не деген жүректерің тастан жаралған пенде едіңдер?! Қымыз бен шұбатты да екі есе бағамен сатуды қойыңдаршы, айналып кетейіндер? Ертең мына Халық қырылып қалса, жинаған ақшаларыңды қайда көмесіңдер?!

Сендер өздеріңнен басқа ешкімге керек емессіңдер! Сондықтан да, маскаларыңды киіп, той тойлатпай тыныш қана үйлеріңде отырыңдар! Әркім өзінің қалтасы мен белсенділігін ойлауда. Күрмектерге жем бола бермеңдерші! Хватит уже, бес жастағы балалар секілді «А, солай ма еді?» деп аңқайып отырғанды. Естеріңді жиыңдар. Ақшаларыңды сайқымазақ психологтардан ақыл сатып ала берулеріңді тыйыңдар! Сендер оларға түкке де қажеттерің жоқ! Дипломсыз сауатсыз «коучерлерге» барғанша, кітап оқыңдар!» – деп жазды Бибігүл ханым.

Тележүргізуші ақыслы сабаққа ұмтылатын әйелдер қауымын сынға алды. Оларға кітап оқып, бала тәрбиесімен өздігіне айналысуға шақырды. Сонымен қатар Елжан Біртановтың халық алдында кешірім сұрауын талап етті.

«Ал кешке дейін сайқымазақ шоуларды көретін әйелдер, Сендер де босқа өткізбей уақыттарыңды балаларыңды тәрбиелеп, мына вирустан сақтаныңдар! Балаларға бұл вирус онша жұға бермейді. Олар – тасымалдаушылар (бессимптомный носитель). Ал үйден шықпай отырған қарияларға 5-ақ пайызы жетіп жатыр. Еркектер тез қабылдайды бұл вирусты! Сондықтан балаларды шығармаңдар! Мен әлі Біртановтың Қазақстан Халқынан кешірім сұрағанын күтіп жүрмін! Шықсын інінен! Оның да мына қырғидай қырылып жатқан Халықтың алдында кінәсі бар!

Сосын сөз соңында айта кетейін, паникаға салына бермеңдерші небір видеоларды шығарып! Оның өзі қатты әсер етеді. Өзім ауырғанда анашымның айтуымен әдейілеп әлемжеліден шығып кеткенмін сондайларды көрмес үшін. Енді мен бұл тақырыпқа қайта оралмаймын. Барлық сұрақтарыңа жауап беріп, жетеріне жеткізіп айттым деймін. Қатты кетсем, шығып кетіңдер парақшамнан, мархабат! Сөз соңында айтарым имансыздарға: Қап-қара жүректеріңді ашыңдар да, ақша жасауды қойыңдар. Нүкте», – деді Дәулетбекқызы.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Кей жерде бұршақ жауады: Елде жауын жауып, күн суытады

Келесі жаңалық

«Жоспарым құрдымға кетті»: Аяғы ауыр Динара Бақтыбаева VIP палатаны армандаған

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
110
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
527
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
45
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
450
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Жоспарым құрдымға кетті»: Аяғы ауыр Динара Бақтыбаева VIP палатаны армандаған

"Жоспарым құрдымға кетті": Аяғы ауыр Динара Бақтыбаева VIP палатаны армандаған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
527
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
450
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
110

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
527

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
45

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
450

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.