Жұма, Қаңтар 22, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Медицина

Дәрігерлер жаңа босанған әйелдің қабырғасын сындырып, асқазанын жыртып алған: Алматы облысында бес баланың анасы көз жұмды

Қараша 13, 2019
Медицина, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға
Дәрігерлер жаңа босанған әйелдің қабырғасын сындырып, асқазанын жыртып алған: Алматы облысында бес баланың анасы көз жұмды
Поделиться на Facebook

Бір жыл бұрын тағы да ана атануға дайындалып жүрген бес баланың анасы, 34 жастағы Дильмира Максутова дәрігерлік қателік пен сәтсіз жасалған отадан кейін көз жұмған еді. Сот-медициналық сараптамасы сап-сау жас келіншектің өмірін жалмаған бірнеше дөрекі дәрігерлік қателіктің орын алғанын анықтап, Дильмираның өмірін аман алып қалуға болатынын дәлелдеді. Бүгінде дәрігерлердің салғырттығы да дәлелденіп, олардың ісі сотқа жолданды. Қайғылы оқиғаға байланысты отбасының адвокаты Рүстем Гаитов шындығында қалай болғанын бәрін бүкпесіз айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйғыр аудандық орталық ауруханасына былтыр күзде 1984 жылы туылған Дильмира Максутова босану үшін келген. Ауруханаға түскен күннің ертесіне босанғаннан кейін қан кетуіне байланысты биологиялық өлім тіркелді. Мәйітті үйге алып келіп, жерлеу алдында туыстары Дильмираның денесінен күйік іздерін тапқан. Бұл сұмдықты көрген туыстары дәрігерлердің үстінен арыз түсірді.

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Осы іспен айналысып жатқан қорғаушы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Рүстем Гаитовке Дильмираның отасына қатысқан екі дәрігер аты-жөндерін жасыруын өтініп, бүкіл шындықты айтып берген. Адвокаттың айтуынша оқиға былай болған:

– Босанған соң, Максутовадан тоқтаусыз қан кете бастаған. Акушерлер кеткен қанның мөлшерін дұрыс анықтамаған. Анестезиолог келгенде 800 мл қан кетті деп айтқан. Ол жоғалған қан мөлшеріне лайықтап дәрі жазып берген. Кейіннен сот-медициналық сараптамасы дәлелдегендей, іс жүзінде 1 100 грамм қан кеткен.

Анестезиологтың жазған емінен кейін де қан тоқтамаған соң кезекші дәрігер ота жасау қажеттігін айтады, ота жасалғанша әйелден 2 литр қан кетіп қалады. Сол аралықта екі акушер-гинеколог 15 минутқа сыртқа шығып кетеді. Ал хирург қоңырау шалып, келе жатқанын айтып, отаны бастай беруін сұрайды. Екі акушер-гинеколог жатырын алып тастап, хирургты күтіп тұрады. Кезекші дәрігер не істеп тұрсыздар деп сұрағанда: «Біз ары қарай не істеу керектігін білмейміз» деген.

Жарты сағатқа кешігіп хирург келеді. Ол отаны жалғастырып, алған жатырдың екі тамырын тігу керек болады. Бірақ сол жақ тамырын тігіп, оң жағын тігуді ұмытып кетеді. Арадан 15 минут өткенде тіккен жерден қайтадан қан шыға бастады. Ота жасаған жерін қайта ашып, екінші хирургтың көмегімен тамырды тігеді. Сөйтіп екі операция жасалады. Реанимацияға шығарған кезде қыз қайтыс болады. Ота барысында үш рет қыздың жүрегі тоқтайды.

Қорғаушының айтуынша, ертеңіне таңертең дәрігерлер бәрін жинап «арттарын тазалайды». Дәрігерлерге екі ота жасалғаны туралы тіс жарып айтпауға бұйрық түседі. Науқастың құжаттарын қайтадан толтырып шығады.

Құжаттардың барлығын фальсификация жасайды. Туу тарихын өзгерткенде анализ нәтижелерін де өзгертуге тура келеді. Аурухана директоры Долаева зертхананың орынбасарын шақыртып, анализ нәтижелерін өзгертуге бұйрық береді. Олар анализ кітаптарын жыртып тастап, қайта жасап шығады, – деген адвокат алғашында дәрігерлер өз істерінен жалтарғанын жеткізді.

– Тергеу жұмыстары басталғанда дәрігерлер өз кінәсін мойындамады. Тек жеті айға созылған сараптама нәтижелері белгілі болған соң ғана кінәсін растады.

Сараптама қорытындысы бойынша, марқұм болған келіншек босанғаннан кейін көп қан кеткенін, оның мөлшерін дұрыс анықтамағанын, қыздың асқазаны жыртылып, төрт қабырғасы сынғаны, аяқтарында термиялық күйік іздері бары белгілі болды. Нәтижесінде дәрігерлер кінәсі дәлелденді, – деген адвокат Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынның «өлімнің алдын алауға болар еді» деп анықтама бергенін айтады.

Сараптама нәтижесі шығып, ақ халаттылардың кінәсі дәлелденсе де, бір акушер «мен қолымнан келгенін істедім, менің кінәм емес» деп әлі де қарсылық танытып отырған көрінеді. Ал дәрігерлік дөрекі қате жіберген хирург өз сөзінде бір тамырын тігіп, екінші тамырын қан көп кеткен соң таба алмағанын айтып ақталуға тырысқан.

Бүгінігі сот нәтижесі бойынша сот ісі кейінге қалдырылғаны белгілі болды. Stan.kz тілшілері сот барысын жіті қадағалуда ұстап, үкімінен хабардар етеді.

Айта кетейік, Ұйғыр орталық ауруханасында дәрігерлердің салғырттығынан болған қайғылы оқиға бұл ғана емес. Дәл осы ауруханада Динара Мусаева есімді жас келіншек кесар тілігін жасатып, 9 ай комадан кейін қайтыс болған.

Бөлісу14ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Қажет болса біз органымызды береміз": Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың анасы кешірім сұрады (видео)

Келесі жаңалық

Басына кірпіш құлаған Қостанай тұрғыны кінәлілерді таппай жүр

ҰқсасЖаңалықтар

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
220
Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді
Өмір

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
74
800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды
Парламент

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
73
Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды
Қылмыс

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
96
Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді
Өмір

Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді

Қаңтар 21, 2021
21
Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Басына кірпіш құлаған Қостанай тұрғыны кінәлілерді таппай жүр

Басына кірпіш құлаған Қостанай тұрғыны кінәлілерді таппай жүр

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.3k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.1k
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
220
Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр
Шоу-бизнес

Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр

Қаңтар 10, 2021
680

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
220

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
13

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
74

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
73

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
112

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
96
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.