Нұр-Сұлтанда дәрігерден пара талап еткен екі полицей жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Әбдрахманов пен Балтабаев осы жылдың наурыз айында Mercedes ML 300 көлігінде келе жатқан Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовты тоқтатқан.
Көлік жүргізушісінің сыра ішкенін анықтаған полицейлер одан бір миллион теңге пара талап еткен.
Сот құжаттарына қарағанда, Ақшолақов ақша беруге келіскен, бірақ шотында ондай соманың болмағанын айтқан, 400 мың теңгесі ғана болған. Полицейлер қызметтік көлігімен банкоматқа барып, дәрігерден шешкен ақшасын алып кеткен. Бірнеше күннен кейін дәрігер полицейлердің үстінен арыз түсіріп, нәтижесінде олар барлық ақшаны қайтарған.
Нұр-Сұлтанда Есіл аудандық № 2 сотында Әбдрахманов пен Балтабаевқа қатысты сот отырысы өтіп, олар жәті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, екеуі де өмір бойына құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.