Қытай елінде ер азамат унитазға түскен балықты ұстаймын деп кептеліп қалды. Құтқарушылар оның қолын унитаздан шығару үшін жарты сағат әбігерге салынды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Аталған оқиға Тайцзян округінде болды. Ер адам түскі асқа тірі балық қуырып жемек болған. Балықты тазалау үшін алған кезде унитазға түсіп кетеді. Кейін ол осы унитаздан балықты алып шығамын деп кептеліп қалды.
Құтқарушыларға ер адамның қолын шығару үшін жарты сағат қажет болды. Олар қытайлықтың қолын шығару үшін бетон мен қыш материалды кесті. Сондай-ақ, басылым азаматтың қолы дін-аман екенін жеткізді. Ал балық табылмады.