Әскерге қабылданғанына екі күн болған 19 жастағы сарбаздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 29 қараша күні Ресейде орын алды. Белгород әскери бөлімдерінің бірінде отан алдындағы борышын өтеуге келген ставропольдық сарбаз қайтыс болды.
Басылымның мәліметінше, 28 қаңтарда жас сарбаз анасына өзін дәретхана жууға мәжбүрлегенін, алайда бұл істі жасамайтыны туралы хабарлама жіберген.
Осы хабардан соң түнде тағы хабарлама келген. Онда 19 жастағы сарбаз бөлімшеде кикілжің пайда болғанын, өзін «әңгімеге алып шыққанын» айтқан. Бірақ, дәл кіммен екені белгісіз.
Ал 29 қараша күні туыстары суық хабар алады. Командир байланысқа шығып, 19 жастағы сарбаздың қайтыс болғанын хабарлапты.
Әскери қызметкердің сөзінше, оның жағдайы таңертең белтемірде жаттығып жатқанда нашарлаған. Жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер ештеңе істей алмапты.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.