Сәрсенбі, Наурыз 3, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды

Үкімет жоспарына сәйкес, жарты жыл ішінде 2 млн адамға вакцина салынады, қалған жартысында 3-4 млн адам егіледі.

Қаңтар 19, 2021
Денсаулық, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды
Поделиться на Facebook

«Құқығымызды шектейді». Көп балалы әйелдер вакциналық электронды паспортқа қарсы шықты

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастайды. Бұл туралы 19 қаңтар күнгі үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Министрлік жыл аяғына дейін 6 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отыр.

«Бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, реанимация бөлімі, аурухананың қабылдау бөлмесінде істейтін қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына вакцина салынады. Бұл шамамен 100 мың адам. Вакцинация 2021 жылдың 1 ақпанынан басталады», — деді Цой.

Оның сөзіне қарағанда, екінші кезеңде жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары, медициналық қызмет көрсететін мекеме мамандары (шамамен 150 мың адам) қамтылады. Оларға наурыз айынан бастап дәрі салынады. Ал сәуір айынан бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, созылмалы аурумен ауыратын студенттердің (600 мыңға жуық адам) кезегі келеді.

Үкімет жоспарына сәйкес, жарты жыл ішінде 2 млн адамға вакцина салынады, қалған жартысында 3-4 млн адам егіледі. Алғашқы кезеңде тұрғындарға ресейлік вакцина салынады.

Былтыр Ресей билігі сынақтың үшінші фазасы аяқталмай жатып екі вакцина — «Спутник V» және «ЭпиВакКорона» екпесінің тіркелгенін хабарлаған. Тамыз айында Қазақстан мен Ресей «Спутник V» жеткізу туралы келісімге де келген. Бірақ халықаралық сарапшылар сынақтың үшінші кезеңі аяқталмаған ресейлік вакцинаға күмәнмен қараған. Желтоқсан айының соңында «Қарағанды дәрі-дәрмек кешенінде» ресейлік «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастаған. Кешенде бастапқы кезеңде вакцинаның 2 млн дозасы шығарылады деп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға қазақстандық QazCovid-in вакцинасы да егілетінін айтып отыр. Клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде сыналып жатқан қазақстандық QazCovid-in вакцинасы 19 желтоқсаннан бастап 3 мың еріктіге салына бастаған.

Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша, коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 216 964 адамнан Covid анықталған, 3 мыңға жуық адам қайтыс болған. Кейбір сарапшылар коронавирусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны бұдан әлдеқайда көп деп санайды.

Тегтер: CovidАлексей Цойвакцинаденсаулық министрлігіҚазақстан
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтанда жас қыз бассейнге батып кетті: Оқиғаға қатысты тың деректер айтылды

Келесі жаңалық

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
101
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
42
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
447
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

"Жылап та үлгермей жатырмын". Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
447
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
101

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
42

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
447

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.