Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар ауруханасында дәрігер мен науқастың әкесі жаға жыртысып қала жаздады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауруханадағы жанжал тамыздың 4-нен 5-не қараған түні болды. Ер адам баласының дене қызуы қатты көтерілгендіктен, жедел жәрдем шақырғанын айтады. Кейін оны тексерген дәрігер аппендицит немесе пиелонефрит болуы мүмкін деп оларды өзімен бірге ауруханаға өтуге шақырады.
Ауруханадағы дәрігер баланың ішін ұстап көріп, артынша оған суық тиген деген диагноз қояды. Науқастың әкесі бұл диагнозға қанағаттанбай, басқа дәрігерді шақыруды сұрайды. Ертесінде, расымен де, бұл диагноздың қате екені анықталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Чёртпын ба? Тағы да айтшы. Иттің ғана баласы. Көргенсіздер», – деп ұрысып тастайды науқастың әкесі Әділет Ғабдулла дәрігерді.
Аталған аурухананың уақытша бас дәрігері қызметін атқарушы Айдын Әшімханов аталған жағдайға қатысты тиісті шаралар қолданылатынын айтты.