Бейсенбі, Ақпан 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Үш балам әкесіз қалды, мен оны кешірмеймін»: Екі адамның өліміне себепші болған экс-полицей соты

Қыркүйек 15, 2020
ЖКО, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қылмыс, Оқиға
«Үш балам әкесіз қалды, мен оны кешірмеймін»: Екі адамның өліміне себепші болған экс-полицей соты

© Sputnik / Тимур Батыршин

Поделиться на Facebook

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған блок бекеттегі жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы басталды. Істі судья Мәди Көшікбаев жүргізді, деп хабарлады Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Полицияның бұрынғы қызметкері Азат Азаматовқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылды.

Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді

Тоқаев: Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге заңмен тыйым салуды тапсырамын

Сотқа мемлекеттік айыптаушы, қайтыс болған полиция қызметкерлерінің жақын туыстары, Азат Азаматов және оның заңды адвокаты қатысып жатыр. Жәбірленуші Ербұлан Сейдазым ­–  жол апатында зардап шеккен үшінші азамат сот отырысына келген жоқ.  ­

«25 мамырда таңғы сағат 5.20-да айыпталушы мас күйінде BMW автокөлігін тізгіндеген Азат Азаматов жылдамдықты асырған күйі блок бекет пен полиция қызметкерлерінің көлігіне соғылған. Салдарынан екі полиция өкілі оқиға орнында мерт болды, үшінші азаматқа бетонның ұшып кеткен бөлігі тиіп, ауыр жарақат алды», – деді прокурор.

Сот отырысы барысында айыптау актісін тыңдаған қайтыс болған азаматтардың туыстары көз жасын тыя алмады.

«Құрметті сот, мен өзімнің кінәмді мойындаймын және ол үшін өкінемін», – деп мәлімдеді Азат Азаматов.

Сондай-ақ, айыпталушы жол апаты кезінде ұйықтап қалғанын және есінде ештеңе қалмағанын айтты. Оның сөзінше, 24 мамыр күні оны Көксай кентіне кездесуге шақырған, сол жерде көлікте отырып сыра ішкен.

«Жол полициясында жұмыс істейтін үш әріптесіммен сыра іштім. Олар ­– менің бұрынғы әріптестерім. Менің есімде басқа ештеңе жоқ, есімді жисам, ауруханада жатырмын. Менің жол апатына кінәлі екенімді айтты. Оқиғаның қалай болғанын білмеймін», – деді Азаматов.

Ол кентке 24 мамыр күні шамамен сағат 23.00-де шыққанын айтты.

«Бұрынғы әріптестерім сыра ішуге шақырды. Машина ішінде отырып іштік, сыраның екі немесе үш бөтелкесін іштім.  Одан кейін есімді жоғалттым, ештеңе есімде жоқ», – деді Азаматов.

Сонымен қатар, ол жол апаты болған сәтте өзінің полиция қызметкері болмағанын жеткізді.

«Жұмыстан шығу туралы өтінішті 20 мамырда жаздым. 21 мамырдан бастап полиция қызметкері емеспін. Полицияда 2014 жылдан бастап еңбек еттім. Осы мерзімде маған тек бір ғана тәртіптік жаза қолданылды», – деп мәлімдеді сотталушы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Шолпан Нұрахметова құжаттарға сәйкес, Азаматовқа алты жылдың ішінде төрт тәртіптік жаза қолданылғанын атап өтті.

– Сіз қатты соққы болған кезде де ұйықтай бердіңіз бе? – деп сұрады ол.

– Ұйықтаған жоқпын, есімде ештеңе жоқ, – деп өз сөзін қайталай берді айыпталушы.

– Сіздің кесіріңізден адамдар қайтыс болғанын қай кезде білдіңіз? Ауруханада ма? – деп сұрады адвокат тағы да.

– Иә, ауруханада ғана есімді жидым, – деп жауап берді Азаматов.

Сондай-ақ, ол бұған дейін спирттік ішімдіктер ішкенін айтты.

– Бір ішкенде қанша мөлшерде ішімдік ішесіз? – деп сұрады адвокат.

Алайда, ол бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

Оқиға кезінде өлім құшқан полиция қызметкерлерінің бірінің әйелі айыпталушыдан жол апаты болған күні ішкі істер органдары қызметкерінің формасын киген-кимегенін сұрады.

«Барлық көршіңіз сол күні қызметтік форма киіп, қызметтік көлікте отырғаныңызды айтты. Бұл рас па?» – деп сұрады қайтыс болған полиция қызметкерінің жұбайы.

«Жоқ», – деп жауап берді Азаматов.

Оқиға орнында мерт болған полиция өкілінің әйелі айыпталушының бұл сөзі шындыққа жанаспайтынын айтты. Сотта жол апатынан қайтыс болған екінші полицейдің әйелі де сөз сөйледі.

«Менің үш кішкентай балам әкесіз қалды. Мен Азат Азаматовты кешірмеймін», – деді қайтыс болған тәртіп сақшысы Жарас Жанғазиевтің әйелі.

Негізінен, бұл сот талқылауы өткен аптада өтуі тиіс еді, алайда отырысқа зардап шегуші тарап келмегендіктен, сот отырысы 15 қыркүйекке ауыстырылған.

Сот отырысына мемлекеттік айыптаушы мен айыпталушы Азат Азаматовтың адвокаты ғана қатысқан. Азат Азаматов ол кезде тергеу изоляторындағы техникалық ақаулардың салдарынан бейнебайланысқа шыға алмаған. Бүгін Азат Азаматовты сот отырысына алып келді.

Судьяның қойған сауалдарына жауап берген айыпталушы өзінің жұмыссыз екенін және кәмелеттік жасқа толмаған бір баласының бар екенін айтты.

Айыпталушының адвокаты сөз арасында сот отырысына баспасөз қызметі өкілдерінің қатысуы міндетті емес екенін, себебі, аудио және бейнежазба жүріп жатқанын жеткізді. Сот талқылауы ­ашық форматта өтті.

Алматы блок бекетіндегі жол апаты

25 мамырда Көксай шағынауданындағы №4 блок бекетте BMW көлігін тізгіндеген жүргізуші бетон қоршауына соғылған болатын.

BMW патрульдік көлікке қарай ұшып түскен, оның ішінде екі полиция қызметкері отырған.

42 жастағы тәртіп сақшысы Жарас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, алйда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Алматы полициясының тағы бір қызметкері ­– есірткімен күрес жөніндегі бөлім маманы Ерұлан Сейдазым ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Жол апаты болған сәтте Ерұлан Сейдазым блок бекеттің жанында планшет ұстап, көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған. Оның қандай жарақат алғаны белгісіз. Оқиға кезінде оған ұшып кеткен бетон плитасының бір бөлшегі тиген деген мәлімет бар. Тағы бір нұсқа бойынша, айыпталушы алдымен оны қаққан, содан кейін барып бетон қоршауы мен патрульдік көлікке барып соғылған.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Бір-бірінің киіміне дейін жыртқан: Түркістан облысында келіні мен енесі төбелесіп қалды

Келесі жаңалық

Кейде көз жасына ерік береді: Астанада әйелі тастап кеткен азамат 4 баласын жалғыз өзі бағып отыр

ҰқсасЖаңалықтар

Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді
Басты жаңалықтар

Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді

Ақпан 25, 2021
0
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды
Басты жаңалықтар

Тоқаев: Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге заңмен тыйым салуды тапсырамын

Ақпан 25, 2021
0
Отағасы көрші әйелдің жүрегі мен картоптан тамақ пісірген
Әлем

Отағасы көрші әйелдің жүрегі мен картоптан тамақ пісірген

Ақпан 25, 2021
68
Қазақстанда күн қайта жылынады
Қазақстан

Қазақстанда күн қайта жылынады

Ақпан 24, 2021
314
Бір топ адам Еуропарламенттен Қазақстан билігіне санкция салуды сұрамақ
Әлем

Бір топ адам Еуропарламенттен Қазақстан билігіне санкция салуды сұрамақ

Ақпан 24, 2021
21
Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Қазақстан

Ақтөбеде 41 жастағы еркек оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті

Ақпан 24, 2021
310
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Кейде көз жасына ерік береді: Астанада әйелі тастап кеткен азамат 4 баласын жалғыз өзі бағып отыр

Кейде көз жасына ерік береді: Астанада әйелі тастап кеткен азамат 4 баласын жалғыз өзі бағып отыр

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы ең үлкен зейнетақы белгілі болды

Ақпан 24, 2021
322
Қазақстанда күн қайта жылынады
Қазақстан

Қазақстанда күн қайта жылынады

Ақпан 24, 2021
314
Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Қазақстан

Ақтөбеде 41 жастағы еркек оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті

Ақпан 24, 2021
310
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
5.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дана Нұржігіт: Кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға сай келмейді

Ақпан 25, 2021
0

Тоқаев: Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге заңмен тыйым салуды тапсырамын

Ақпан 25, 2021
0

Отағасы көрші әйелдің жүрегі мен картоптан тамақ пісірген

Ақпан 25, 2021
68

Қазақстанда күн қайта жылынады

Ақпан 24, 2021
314

Бір топ адам Еуропарламенттен Қазақстан билігіне санкция салуды сұрамақ

Ақпан 24, 2021
21

Ақтөбеде 41 жастағы еркек оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті

Ақпан 24, 2021
310
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.