Жұма, Наурыз 5, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Қазақстанда бизнес тың серпін алды

Қыркүйек 12, 2019
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Қоғам, Саясат
«Бизнестің жол картасынан»: шағын кәсіпкерлікті дамытуға бюджеттен 250 миллиард теңге қаржы бөлінеді
Поделиться на Facebook

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 2 қыркүйегінде өзінің Қазақстан халқына тұңғыш жолдауын жариялады, деп хабарлайды Neonomad.kz

Мемлекет басшысы заманауи ықпалды мемлекет құрудың тетіктері, азаматтардың қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қауқарлы аймақтар туралы нақты ұстанымдары мен алдағы уақытта осы бағытта жүзеге асырылуы тиіс басымдықтар туралы сөз қозғады. Осы орайда шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру туралы айтқан президент, бизнеске ерекше назар аударды.

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Президент: Сайлаудан кейін Парламентте әртүрлі партия болады деп ойлаймын

«Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады», – деген ол жаппай кәсіпкерлікті дамыту масылдықтан арылуға мүмкіндік беретінін алға тартты.

Қазақстанда бизнес тың серпін алды 1

Қ.Тоқаев сол себептен Қазақстан болашақта да бизнесті дамыта беретінін қадап айтты. Шағын кәсіпкерлік бүгінде жаһан экономикасы практикасында ел экономикасын дамытып, оның өмір сүру жағдайын жақсартуда ең тиімді саналады. Қазақстанда да соңғы уақытта шағын бизнес ашып, соны дамытып отырғандардың саны артып келеді. Бұл тұрғыда мемлекет басшысы шағын бизнеске мемлекет тарапынан қолдау ретінде 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тиым салды.

«Біз тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты бизнесіміздің тұтастығы мен заңға бағынатынына сенеміз. Мораторий кезінде өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру қажет.Кәсіпкерлік субъектілері белгіленген нормалар мен ережелерді, әсіресе санитарлық-эпидемиологиялық саланы бұзған жағдайда, мұндай компаниялар жабылады, олардың иелері жауапқа тартылады.Осылайша, біз бизнеске жүктемені азайтамыз», – деді мемлекет басшысы.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға бюджеттен алдағы үш жылға «Бизнестің жол картасынан» 250 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Жақын болашақта мемлекеттің бизнес жоспарында отбасылық бизнеске, көпбалалылар мен аз қамтылғандардың отбасыларының бизнеске тартылып, өз істерін жүргізуге жағдай жасау көзделіп отыр. Сондай-ақ, Қазақстанда туризмнің дамуы әсіресе эко және ұлттық туризмнің дамуы экономиканың ең маңызды факторы саналады. Осы орайда мемлекет басшысы өз жолдауында:

«Туристердің назарын біздің тарихымызға, мәдениетімізге аударту үшін Алтын Орданың 750 жылдығын осы бағытта атап өту керек», – деді.

Туризмді дамытудың басты тенденциясына құрылысты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлау кіреді. Алдағы уақытта елде орта бизнесте қолдаусыз қалмайды. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарлама аясында жақын болашақта өндірісі жоғары орта бизнес, салық, қаржы, әкімшілік тұрақтандыру бағыттарына басым назар бөлінбек. Осы орайда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз жолдауында:

«Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жандандыру қажет, онсыз экономикалық өсудің резервтері шектеулі болады. Бұл атқарушы биліктің басым міндеттерінің бірі», – деп атап өтті.

Кейде даму жолына түскен шағын, орта тіпті ірі бизнестердің өзі кедергіге ұшырап немесе қаржылық қиындықтар, дағдарыс салдарынан құлдырап жатады. Оған ықпал ететін өзге де факторлар баршылық. Енді Қазақстанда шағын және орта бизнес заңдық тұрғыда қорғалады. Қ.Тоқаев өз жолдауында бизнестің алдын орауға қатысты кез келген әрекет (әсіресе шағын және орта бизнес) «мемлекетке жасалған қылмыс ретінде» қаралатындығын алға тартты. Сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы күрестер жалғаса бермек, капиталды сыртқа шығару, салықтан жалтару да қатаң бақылауға алынады. Кез келген мемлекеттің даму өзегі ол экономиканың сенімді драйверіне айналған – бизнесте. Кәсіпкерліктің қай түрі де дамып, мемлекет тарапынан қолдау тауып, әрі тұрғындардың қажетіне жараса, елдегі әлеуметтік әлеует те артып, өмір сүру сапасының да жақсаратыны айқын фактор. Бұл тұрғыда Қазақстан бизнеске нық қадам жасады. Алдағы уақытта жеке кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет жасар қамқорлық артты. Бұл да бұқараға аса қажет қолдау болмақ.

Оралбек БОТБАЙ,
профессор, Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Құрметті консулы

Тегтер: Қасым Жомарт Тоқаев
Бөлісу8ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Компания жұмысшылары жаппай төбелесіп кетті: «ҚазМұнайГаз» жағдайды түсіндірді

Келесі жаңалық

Денесі тауық қораның астынан шықты: Әйел күйеуін өлтірді деп айыпталуда – Атырау

ҰқсасЖаңалықтар

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
0
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
0
Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
182
Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді
Әлем

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
110
Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды
Қазақстан

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
30
«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды
Қазақстан

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
24
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Денесі тауық қораның астынан шықты: Әйел күйеуін өлтірді деп айыпталуда – Атырау

Денесі тауық қораның астынан шықты: Әйел күйеуін өлтірді деп айыпталуда - Атырау

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Басты жаңалықтар

Балқашта полицей 14 жасар қызды асқан айуандықпен зорлап тастады

Наурыз 4, 2021
345
Қыз-келіншектерді сексуалдық құлдыққа тартты деген күдікпен әйелі ұсталды
Басты жаңалықтар

«Дарға асуға дейін барды»: Атыраулық әйел 10 жыл бойы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтты

Наурыз 4, 2021
222
Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
182
Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды
Басты жаңалықтар

Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды

Наурыз 4, 2021
134

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
0

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
0

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
182

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
110

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
30

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
24
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.