Кеңес Рақышев ҚР сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл лауазымға Рақышев маусым айында тағайындалған екен. Ол министрге инвестиция тарту мәселелері бойынша кеңес береді.
Айта кетейік, маусым айында сыртқы істер министрлігін Бейбіт Атамқұлов басқарған. Ал 18 қыркүйекте оның орнына бұл қызметке Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.
Ашық дереккөздердің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылғы мамыр айында Рақышев Қазақстанның ең бай 50 адамы тізіміне кірген. Оның жағдайы 600 млн доллардан астам қаражатқа бағаланды. Кәсіпкер Fincraft Resources (бұрынғы Sat & Company), «БТА Банк» АҚ, Net Element сияқты компаниялардың акционері болып табылады.