Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Шоу-бизнес

Санкт-Петербургте оқып келген қазақ: Біздің елде мәдениет әлі де төмен

Наурыз 8, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Мәдениет
Санкт-Петербургте оқып келген қазақ: Біздің елде мәдениет әлі де төмен
Поделиться на Facebook

Қазақстандық режиссерлер неге өз елімізде білім алғысы келмейді? Біздікілер не себептен шетелдік мамандарға көбірек жүгінеді? Бұрынғы КВН-ойыншылары мен әншілердің жаппай комедиялық фильм түсуріне не түрткі? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербургта режиссер мамандығын оқып келген Жандос Тұрсынұлы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Санкт-Петербургта оқып келген Жандос Қазақстанда әлі де мәдениеттің төмендігін айтады. Өнерге, театр мен басқа мәдениет орындарына деген қызығушылықтың болмауы жерлесіміздің көңіліне кірбің ұялатады. Бұл күнделікті өмірде, қарым-қатынаста да білінеді екен. Ал Ресейде, мәселен, ешкім біреудің өміріне араласуына қақысы жоқ екен.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

«Ресейде мәдениет өте жоғары. Халық театрға, концертке, музейге көп барады. Ал бізде театрға өмірі бармағандар бар. Тіпті қызықпайды да. Десек те біздің халық ол жақтағылармен салыстырғанда талантты болып келетін сияқты. Ресейде бәрі бар, халық ештеңеге ұмтылмайды. Ал бізде жетіспейді, бірақ адамдар жоқтан бар жасайды. Бір кемшілігімізді айтайын, біздің елде мәдениет әлі де төмен. Мысалы, бізде адамдар өте ашушаң. Көшеде сөзге келіп қалса, бір-бірімен жұдырықтаса кетеді. Қызба қанды халық сияқтымыз. Ал Ресейде көше ортасында төбелес шығарған адамдар жоқтың қасы деуге болады. Ол жақта ешкім біреудің өміріне араласпайды, жеке территориясына кірмейді. Бәрі өз шаруаларымен жүреді. Бізде болса, бір адамға жабылып, оның жер жебіріне жетіп жатады. Былайша айтқанда, Қазақстанда әлі де ауыл мәдениеті қалып қойған. Көп адамдарымыз әлі күнге дейін қала өміріне үйренбеген. Өйткені біз біреу шашын бояса, ашық киінсе де сөйлейміз», – дейді режиссер.

«Елімізде шетелдік мамандарды шақыруға неге құмар?» деген сауалға режиссер қазақ менталитетінен көреді.

«Қазір Қазақстанда бұрынғымен салыстырғанда режиссерлық курстар әлдеқайда жақсарып қалды деуге болады. Петербургте білім жақсы беріледі, бізде дұрыс емес деп те айта алмайсың. Өйткені білім алу адамның өзіне байланысты. Бір институт немесе университетті жақсы, жаман деп ажыратуға болмайды. Мысалы, Гарвард университетін барлығы мақтайды. Өйткені ол жерге тест арқылы тек білімді адамдарды ғана таңдап алады. Бірақ сіз шетелде оқыдыңыз ба, өз елімізде білім алдыңыз ба – онымен шектелмеу керек деп ойлаймын. Біздің Қазақстанда шетелде оқып келді десе болды, соны білімді санайды. Ал өзіміздің мамандарға менсінбей қарайды. Ол дұрыс емес. Сол себептен де елімізге Ресейден, Украинадан мамандар шақырып, бәленбай ақша төлейді. Бұл өзімізге деген комплекс пе, әлде менталитетке байланысты ма білмедім. Барлық білімділер Мәскеуде немесе басқа елдерде деп ойлайды. Біздікілер Украинадан келген мамандарға аузын ашып қарап жатады. Бірақ солардан украиналықтарда қандай керемет фильмдер бар деп сұрағым келеді. Мүмкін олар көріп жүрген шығар, бірақ мен көрген емеспін. Әйтпесе отандық өз өнімдеріміз де бар ғой», – дейді режиссер.

Режиссер комедиялық жанрдағы фильмдер аса еңбекті талап етпейтінін айтады. Оның сөзінше, еліміздің киноиндустриясында КВН ойыншылары тым көп.

«Отандық фильмдер жаман емес. Кейбіреулер «біздің нарық комедияны көп көреді» деп ойлайды. Бірақ мүлдем олай емес. Өйткені біздің көрермен шетелдің қорқыныш, атыс-шабыс, фантастика, драма киноларын көруге де ағыл-тегіл барып жатады. Тіпті кей қазақтарымыз бала-шағасымен бірге қорқыныш фильміне бара береді. Соңғы уақытта неге комедиялық фильмдер түсіруге әуес болып кеттік? Өйткені киноиндустрияда КВН ойыншылары көп. Олар комедия түсірмегенде, басқа қандай жанр ұсына алады? Біздің нарық үшін түсіріп жатқан кинолары жаман емес. Жалпы комедия жанры аса қиын емес. Өйткені ол жерде кәсіби актер таңдап қажеті жоқ. Ал басқа жанрлар: драма, мелодрама, қорқыныш, фантастика фильмдерін түсіру үшін арнайы білім, тәжірибе керек», – дейді жігіт.

Айтуынша, қазақстандық актерлердің тәжірибесі аз. Ал ресейліктер үнемі өздерімен жұмыс істеп, бір-бірімен тәжірибе алмасып отырады екен. Өйткені ол жақта нарық үлкен.

«Нұрлан Қоянбаевтың түсірген комедиялары жаман емес. Оның фильмдері өз бюджетін ақтай алады. Кино түсіру оңай жұмыс емес. Сол себептен біреудің еңбегін жоққа шығарғым келмейді. Бірақ Нұртас Адамбайдың киноларын қарап отырсаң, ол тоймен көп айналысатын адам сияқты. Сол себептен фильмдері тойға ұқсайды. Мүмкін тақырыптары бөлек шығар, бірақ бір-бірін қайталаған сияқты көрінеді. Ал «Тараз» фильмі жаман емес. Дегенмен оны түсіруге асығыстық жасаған сияқты. Сол үшін кішкене шикі шыққан», – дейді режиссер.

Бөлісу267ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Павлодарлық 6 жасар бала: Анам мас кезінде ұрады

Келесі жаңалық

Қазақстандағы айырбас пунктерінде доллар құны 400 теңгеге жақындады

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
536
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
37
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
15
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
549
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
214
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
28
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Өзбекстанда журналистерге кедергі келтіргендерге 100 доллар айыппұл салмақ

Қазақстандағы айырбас пунктерінде доллар құны 400 теңгеге жақындады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
536
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.8k
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
549
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
536

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
37

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
15

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
549

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
214

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
28
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.