Осы жылдың 1 қазандағы статистикасына жүгінсек, Қазақстан 20 мыңнан астам шетелдік азаматқа жұмыс істеуге рұқсат берген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпаратты еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты.
«Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 819, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4690 рұқсат шығарылды. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді – сәйкесінше 9803 адам және 1738 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 216, корпоративтік ауысым аясында 1672 адам тартылған», делінген хабарламада.
Еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай – 4 433 адам, Өзбекстан – 2320 адам, Үндістан – 1837, Түркия – 1828, Ұлыбритания – 1449 адам.