Қарағанды облысында 3 жасар бала ұрланып, кейін оның өлі денесі орман маңынан табылған болатын. Оның неден көз жұмғанын сарапшылар атады, дер хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметінше, кішкентай баланың бірнеше қабырғасы сынып, бас сүйек-ми жарақатын алып, бас сүйегінің күмбез сүйегі мен негізі зақымдалып, бас миының екі жарты шары жұмсақ ми қабыршағынан қан кетіп және оң жақ өкпенің жарылғаны анықталды.
«Механикалық тұншығу мойынның, кеуденің қатты затпен қысылуынан басталған. Бұл алдын-ала жасалған диагноз. Бұл толығымен гистологиядан кейін белгілі болады», – деді қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 5 қыркүйекте кішкентай баланың ұрланғаны туралы жазған болатынбыз. Оның іздеу жұмыстарына 200-ден аса полиция қызметкері мен еріктілер жұмылдырылды. Ал 8 қыркүйекте үш жастағы Максимның өлі денесі табылған жаздық.
Кейін белгілі болғандай, баланы ұрлап, өлтіріп, денесін орман маңына тастап кеткен деген күдікпен 23 жастағы Игентай Сопыжанов ұсталған болатын.