Атырау мен Маңғыстау облыстарының маңындпғы түйенің қырылуына қатысты министрлік пікір білдірді, деп хабарлайды Neonomad.kz «Мой Город» сайтына сілтеме жасап.
Ведомстваның ақпаратынша, Атырау облысының мал дәрігерлері бірнеше зерттеу жүргізген. Қортынды бойынша, түйелердің танауындағы шынымқұрттардан қырылған.
«Атырау облысында 3-28 шілде аралығында 19 түйенің өлімі тіркелген. Ал бүгінде жағдай тұрақты, барлығы өңірлік мал дәрігерлік қызметтің бақылауында. Сондай-ақ, соңғы күндері жүргізілген сараптамалар жануарлардың аса қауіпті ауруға шалдықпағанын көрсетті. Ал Маңғыстау облысындағы түйелердің өлімінің алдын ала себебі – олар алкалоидтерден (құрамында азоты бар органикалық зат) уланған», – делінген министрліктің хабарламасында.