Оралда полиция 21 жастағы Игорь Серебряковтың қалай көз жұмғанын анықтап жатыр. Ол көлік қағып өлген болатын, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның жақындары оқиғаның түнгі сағат 3 кезінде «Виктория» қонақүйінің маңында болғанын айтады. Бұл жерде екі компания арасында кикілжің туындаған.
«Ол жерде екі компания демалып жатқан. Игорь бар компанияда жастар, ал екіншісінде жасы үлкендер болған. Кикілжің қасынан өтіп бара жатқан қыз үшін туындаған. Жас жігіттер оған қылмыңдай бастаған, ал үлкендер оны қорғамақ болған. Осыдан кейін олар төбелесе жөнелген. Ер адамдар кейін қашып кетпек болады. Алайда марқұм олардың бірінің көлігінің үстіне секірген», – дейді ведомство баспасөз қызметіндегілер.
Дәл қазір оқиғаға қатысы барлар анықталды. ҚР ҚК 345-бапқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.