Бейсенбі, Қаңтар 21, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Бір қала 13 млн теңге бөлді: Халық індетпен ауырып жатқанда, шенеуніктер Жаңа жылға дайындалып жатыр

Қазан 9, 2020
Қазақстан, Қоғам
Бір қала 13 млн теңге бөлді: Халық індетпен ауырып жатқанда, шенеуніктер Жаңа жылға дайындалып жатыр
Поделиться на Facebook

Еліміздің шенеуніктері пандемияға қарамастан, жаңа жылдық дайындықты бастап кетіпті. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметтерге сенсек, бірқатар әкімдік пен мектеп ұжымы шырша мен өзге де безендіру жұмыстарына әлден тапсырыс беріп қойған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мақсатта миллиондап ақша бөліпті. Күллі әлем пандемияның екінші толқынына дайындалуда, ал біздікілер болса, бюджет қаржысын бей берекет шашудан босамай жатыр, деп хабарлайды Евразия арнасы.

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Вирустың екінші толқыны деп, дүйім жұрт дүрбелеңде жүргенде біздің кей шенеуніктер жаңа жылдың дайындығымен дамыл таппай жүр.

Мысалы Қарағандыдағы №23-мектеп мұндай әзірлікті маусым-шілде айларында бастаған. Ал бұл уақытта біздің ел өлім-жітімнен енді-енді ес жиып жатқан еді. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы шыршаға берілген тапсырыс бұл сөзімізге айғақ бола алады. Бірақ мектеп директоры бұл турасында бүй дейді.

«Шыршаны сатып алу Жаңа жылға дайындық бастады деген сөз емес, ол болашаққа жоспарланған жұмыс. Екіншіден, шыршаны мемлекеттік сатып алудың баға ұсынуы бойынша өткізілді. Алғашқы берілген баға 714 мың теңге. Конкурсқа 5 жабдықтаушы қатысты. Соның ішінде ең төменгі баға берген 446 555 теңге», – деді №23 мектептің директоры Нұркен Ашықбаев.

Балқаш қаласының әкімдігіне қарасты Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі бөлім де қысқа дайындықты әлдеқашан бастап кеткен. Қаланы эстетикалық безендіруге бақандай 13 миллион теңгесін шытырлатып санап беруге дайын. Талдықорған қаласының әкімдігі де шаһар орталығын одан сайын әсемдеу үшін 10 миллион теңге бөлгелі отыр. Сондай-ақ қар түспей жатып, қысқа қамданғандардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы. Ғимараттарды безендіруге бөлінген 17 миллион соманы әкімдіктегілер былайша ақтауға тырысты.

«Сейфуллиннің бойында бұрынғы базар болған жерде 5 үй салынды ғой. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілді. Ешқандай Жаңа жылдың дайындығы емес. Жаңа жылға түк қатысы жоқ. Былтыр бөлінген ақша. Үй салынып жатқанда сондай безендіруге қосымша ақша бөлінеді. Қызыл жасыл әртүрлі светтері бар. Ондай көріп жүрсіздер ғой, қалада бүкіл жерде бар», – деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев.

Жоғарыда аталған қомақты сомалардың қандай мақсатта бөлініп жатқаны маңызды емес. Тек мұндай күрделі кезеңде аста-төк ысырапшылдықты ысыра тұрған жөн емес пе дейді қоғам белсендісі Оралбек.

«Пандемия жағдайында қазір екінші толқын келеді деп жатыр ғой. Сондықтан да бюджет ақшасын оңды-солды шаша берудің қажеті жоқ деп есептеймін. Бюджет ол халықтың ақшасы. Мемлекет басшысының өзі де айтты ғой, той-жиынды барлығын тоқтатуымыз керек деп. Қазір бүкіл әлем бойынша қиын жағдайда тұрмыз»,  деді ол.

Осы орайда бас дәрігер желтоқсан айында локдаун енгізуді болжап отыр. Маска режимі бұзылса, бұл уақытта жоқ дегенде 65 мың адам ауруханаға жатқызылады екен.

«Ең жаман сценарий бойынша, егер тек 60 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілсе, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамға жетеді. 65 мың адам ауруханаға жатқызылады. Локдаун енгізу желтоқсанның ортасына жоспарланған. Екінші шынайы сценарий бойынша, әлеуметтік қашықтық пен 70 пайыздық маска режимін сақталса, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында болжамды жағдайлардың саны 90 мың адам болады», – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Айтпақшы, эпидемия басталғалы өңірлер дәрі-дәрмек сатып алу үшін бюджеттен 16 млрд теңгеден астам қаражат сұрапты. Бірақ мемлекеттік сатып алулар сайтындағы миллиондаған сомаларға қарап, аймақтардың ақшадан қысылып отырғанына амалсыз күдікпен қарайсың.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Үкімет зейнетақы жасын төмендетуді қарастырмайды": Министр көпті алаңдатқан сұраққа нүкте қойды

Келесі жаңалық

Анасы етік сатып алу үшін жаңа туған нәрестесін сатып жіберді

ҰқсасЖаңалықтар

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
1
Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді
Өмір

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
0
800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды
Парламент

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
0
Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды
Қылмыс

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
2
Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді
Өмір

Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді

Қаңтар 21, 2021
0
Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Анасы етік сатып алу үшін жаңа туған нәрестесін сатып жіберді

Анасы етік сатып алу үшін жаңа туған нәрестесін сатып жіберді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.6k
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
2.4k
«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
614

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
1

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
0

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
0

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
0

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
1

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.