Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

Білім министрі маска мәселесін ата-аналар өздері шешсін дейді. 15 баланың анасы бұл жағдайды қалай еңсеріп отыр?

Қыркүйек 13, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Білім министрі маска мәселесін ата-аналар өздері шешсін дейді. 15 баланың анасы бұл жағдайды қалай еңсеріп отыр?
Поделиться на Facebook

Денсаулық сақтау министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарға барып жүрген оқушыларға мемлекет тарапынан тегін маска таратылмайтыны туралы айтқан болатын. Министрдің сөзінше, ата-аналар балаларын маскамен өздері қамтамасыз етуі тиіс. Алайда бұл көпбалалы отбасыларға қиынға соғайын деп тұр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Сұлушоқ ауылында тұратын Гүлнұр Ахаева және күйеуі Асхат Нусуповтың 15 баласы бар. Олар өздерінің 7 баласымен қоса  8 баланы балалар үйінен бағып алған. Гүлнұрдың сөзінше, көпбалалы ана болудың ешқандай қиындығы жоқ. Ол балаларына қалай тәрбие беретіні туралы айтып, карантин кезінде өмірлері қаншалықты өзгергеніне тоқталды.

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

«Көпбалалы ана болу мен үшін қиын емес. Көпбалалы ана болсам да, еш уақытта жұмысымды қалдырған емеспін. Жұмысымды жасай жүріп, балаларымды тәрбиелеймін. Балалардың барлығына көңіл бөліп үлгеремін. Мен бастауыш сыныптың ұстазымын. Балаларым мектепте де, үйде де көз алдымда. Күнде кешке балалармен сөйлесіп, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, әңгімелесіп отырамыз. Барлық нәрсені талқылап, бірқатар мәселелерді шешеміз. Әр баланың өз жұмысы бар. Бір-біріне көмектеіп өсіп келеді», – дейді Гүлнұр Ахаева.

Айтуынша, карантин уақытында балалардың шығыны көбеймепті. Отбасы қаражат жетпесе де, барынша үнемдеп ұстауға тырысып, балалардың барлығының қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. Дегенмен ата-ана ретінде 15 баламыздың денсаулығына қатты алаңдадық, дейді ол. Сонымен қатар, көпбалалы ана үкімет тарапынан көрсетілетін көмекке де тоқталды.

«Елімізде карантин енгізілгеннен кейін балалардың шығындары көбейген жоқ. Карантин айтарлықтай әсер етпеді. Балалардың шығындарын толыққанды қамтамасыз етіп отырмыз. Өзімнің алты балама тиесілі ақшасын аламын. Оған қоса, қамқорлығыма алған сегіз балаға үкімет тарапынан беретін ақшасы бар. Оның барлығы жетпейді. Дегенмен жеткізуге тырысып жатамыз. Интернет дүкендерді қолданып, карантин кезінде барынша сақтық шараларын ұстауға тырыстық», – дейді Гүлнұр.

Қазіргі таңда Гүлнұрдың 10 баласы мектепке барып жүр. Оның сөзінше, қазір мектепте санитарлық талаптардың барлығы сақталған.

«Шағын ауыл болғандықтан, біз мектепте екі ауысыммен оқып жатырмыз. Түске дейін бастауышта оқитын балаларым, түстен кейін жоғарғы сыныпта оқитын балаларым мектепке барады. Мектепте барлық сақтық шаралары сақталған. Медбике оқушылардың дене қызуын тексеріп отырады. Антисептиктер де қойылған. Әр сабақ уақытында сыныптар тазаланып жатыр», – деп түсіндірді Гүлнұр Ахаева.

Төртінші тоқсанда балалары қашықтан оқығанын алдыға тартқан Гүлнұр Ахаева онлайн білім беруге қарсы екенін айтады. Өйткені барлық балаға қарап үлгеру мүмкін емес екен. Оның үстіне, ауылдарында интернет те дұрыс ұстамағандықтан, балалар біраз қиналған көрінеді. Десек те отбасы бір-біріне көмектесіп, бір тоқсанды бітіріпті. Ал қазір барлығы мектепке қайта оралған.

«Мен де көпбалалы ана ретінде қашықтан оқуға қарсымын. Бірақ баламыздың денсаулығы бәрінен маңызды. Оны біз бірінші орынға қою керекпіз. Мектепте оқыған әлдеқайда жақсы. Мұғалімнің алдынан білім алып келеді. Баланың денсаулығын ойласақ, әрине, жібергің келмейді. Бірақ қазір жағдай тұрақтанды. 4-тоқсанды біз қашықтан оқыдық. Тек қана Whatsapp желісін қолдандық. Өйткені бізде интернет өте әлсіз. Шалғай ауылда тұратындықтан ешқандай платформалар ашылмайды.

Сондықтан біз кіре алмаймыз, көре алмаймыз. Бірақ осы тоқсанда мектепке қайта оралдық. Қашықтан оқу кезінде бізде қиындықтар болды. Сабақ оқу барысында барлық баланы қадағалап отыру керек. Бірінші «Балапан» арнасынан көріп аламыз, одан кейін мұғалім тапсырма жібереді. Артынша балалардың әрқайсымен отырып тапсырмаларды орындаймыз. Балаларыммен бірге оқыдым. Мұғалім ретінде де, ата-ана ретінде де қатты қиналдым», – дейді көпбалалы ана.

Ауандық кәсіподақ отбасыға компьютердің жарты ақшасын берген. Оған қоса, облыстық имам да арнайы техниканы сыйға тартқан көрінеді.

«Көпбалалы ана болғадықтан, Аудандық кәсіподақ компьютердің жарты ақшасын берді. Біз өзіміз үстіне ақша қосып, балаларыма ноутбук сатып алдым. Бұл да біз үшін көмек болды. Мұнымен қатар, облыстық мешіттің имамы келіп, балаларды тәттілермен қуантып, тағы бір ноутбукты сыйға тартып кетті», – деп алғысын білдірді.

Бастапқыда мектеп ұжымы тарапынан балалардың әрқайсына 2 маскадан таратылған. Гүлнұр Ахаева әр балаға маска сатып алуға қалтамыз көтермейді дейді. Сол үшін көпбалалы ана үйден маска тігіп, балаларын қамтамасыз етіп отыр. Мәселені шешудің жолын тапқанын айтады ол.

«Мектеп бастапқыда әрбір оқушыға көп реттік екі маска берді. Оны жуып, қайтадан үтіктеп қолдануға болады. Оқушыларың барлығына таратылды. Әрине, маска мәселесінде қиыншылықтар болады. 15 баланың анасы болғандықтан, олардың барлығына маска қажет. Бірақ біз маска мәселесі қиын деп отырмай, карантин басталғанда қолдан маска тіктік. Тіпті көршілеріме де балаларыммен бірге маска тігіп жатырмыз. Өйткені бір реттік маска шыны керек шақ келмейді.

Күніне бірнеше рет ауыстыра алмаймыз. Сондықтан, қолдан тігіп алу бізге қолайлы. Ақ дәкені бірнеше қабаттап, маска тігіп жатырмыз. Бір маска 350-390 теңге шамасында сатылған кездер де болды. Біздің жанұямыздың қалтасы көтермейді. Өйткені отбасымызда адам көп. Сондықтан, мата сатып алып, бірнеше қабаттап, әр балаға 5-6 маска тігіп бердім. Үтіктеп, жуып, қолданып жүрміз», – дейді Гүлнұр Ахаева.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке қарамай-ақ, өз бетімізше қиындықтан шығудың жолын іздеп, балаларға барынша тәрбие, білім береміз деген ана жағдайына шағымданбайтынын алға тартады.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Тілі аузына сыймай қалған 2 жастағы бүлдіршінге көмек қажет

Келесі жаңалық

"Ешкімнің мұрнын бұзған жоқ": Қайрат Нұртастың өкілі төбелеске қатысты сыбысқа нүкте қойды

ҰқсасЖаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ
Басты жаңалықтар

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
59
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
445
Қостанай облысында 12 жасар қыз жүкті: өгей әкесі қамауға алынды
Қылмыс

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
21
Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін
Денсаулық

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
21
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
349
Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қайрат Нұртас: Тойды көп көрдіңдер, енді соңы өліммен бітіп жатыр

"Ешкімнің мұрнын бұзған жоқ": Қайрат Нұртастың өкілі төбелеске қатысты сыбысқа нүкте қойды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.3k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
445
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
59

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
445

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
21

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
21

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
349

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.