Сейсенбі, Қаңтар 26, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Ғылым

Әбіл Жоламанов: Біз жастарға ел тарихының тұтастай даму көрінісін көрсетуіміз керек

Сәуір 29, 2020
Ғылым, Білім, Қазақстан, Қоғам
Әбіл Жоламанов: Біз жастарға ел тарихының тұтастай даму көрінісін көрсетуіміз керек
Поделиться на Facebook

Шетел мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты құнды мұралар «Архив-2025» бағдарламасы аясында зерттеліп, цифрлық форматта өңделіп, мәдени қазыналарымыздың қатарын толықтыра түсті. Тарихи һәм рухани байлығымызды қайта жаңғырту – уақыт талабы. Осы орайда, жоба барысында атқарылған жұмыстар жайында ҚР Ұлттық архивінің директоры Әбіл Жоламановтан сұрап-білген едік. Назар салайық!

Әбіл Тауфикұлы, «Архив-2025» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына екі жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында жоба аясында нақты қандай жұмыстар атқарылды?

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Архив – тарихи шежіре қоймасы, ұлт тарихының ұстыны, мәдениетіміздің мәйегі. Архив ата-бабаларымыздың тарихын ғана емес, олардың арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын, парасаты мен өсиетін сақтап отырған киелі орын. Онда ата-бабамыздың әулеттік шежіресі сақталып, өткен өмірдің айнасына айналады.

Елімізде архивтерді тарихқа қатысты тың деректермен толықтырып отыру күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Ал, «Архив-2025» бағдарламасы шетелдерден қазақ тарихына қатысты деректерді жинап, зерттеуге мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін айтқым келеді.

«Архив-2025» жобасын тиімді іске асыру үшін ең алдымен, шетелдерден алынған архив құжаттары мен қолжазба материалдарын түгендеу және болашақта шетелдерден архив материалдарын іздестіру бойынша зерттеуші ғалымдардың, тарихшылардың және архив қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын білу маңызды болды. Сондықтан, ғалымдар қауымдастығы мен архив қызметкерлерінің ұсыныстары мен кеңестерін ортаға салып, талқылауына мүмкіндік беретін әртүрлі форматтағы іс-шаралар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтында, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде, Орталық Мемлекеттік архивінде өтті. Ғалымдар мен архив қызметкерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелдер мен кездесулерде  «Архив-2025» жобасын әзірлеу және оны тиімді іске асыру бойынша құнды ұсыныстар алынды.

Шетелдерден тарихымызға қатысты архив материалдарын елімізге жеткізу, зерттеу, дәріптеу жұмыстары қалай іске асып жатыр?

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен әзірленіп, қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы архив мұрасын сақтау және көбейту, зерттеу арқылы қазақ ұлтының қайта өрлеуіне жол ашты. Шетел архивтерінен ғылыми-тарихи құндылығы бар құжаттарды іздестіру және сатып алу жұмыстары ҚР Үкіметі қабылдаған Мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасымен басталып, әрі қарай Қазақстан Республикасында мұрағат ісін және құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасымен жалғасты, сөйтіп мемлекеттік архив мекемелерінің маңызды бағыттарының біріне айналды. Архивистер мен ғалымдардың бірігіп күш салуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры Египет, Түркия, Франция, Венгрия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Қытай, Польша, Өзбекстан елдерінің мемлекеттік архивтерінен, ғылыми мекеме, кітапханаларынан іздестіріліп, қазақ халқының шежіресінен сыр шертетін тарихи, мәдени құжаттық деректермен, қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптармен, басылымдармен толықты.

Аталған құжаттар тарихшылар мен ғалымдарға, студенттер мен өлкетанушыларға қолжетімді болу үшін архивтің оқу залына қойылды. Біз жастарға ел тарихының тұтастай даму көрінісін көрсетуіміз керек.

Сондай-ақ, архив материалдарын дәріптеу мақсатында құжат көрмелері, экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылуда.

Бағдарламаның негізгі өзегі – цифрландыру. Осы бағытта қандай өзгерістер бар? Елімізде оған қажетті технологиялар жеткілікті ме?

Архив құжаттарын цифрландыру бойынша нақты жұмыстар іске асып жатыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасы электрондық құжаттарының бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін құру және енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Ол мемлекеттік архивтерде қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруға, мемлекеттік архивтерді басқарудың тиімділігі мен олардың өздерінің негізгі функцияларын орындауға, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Еліміздегі архивтердің көп бөлігінің материалдық-техникалық базасы физикалық тұрғыдан ескірген және олар қазіргі заманғы стандарттар мен талаптарға сәйкестендіруді қажет етеді.

Осы бағытта Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, архивтік құжаттамалық мұраны сақтау мақсатында мемлекеттік архивтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту мен нығайту бойынша жұмыстар қолға алынған. Архивтерді цифрлық форматқа көшіру үшін кең форматты сканерлер мен жабдықтар, микрофильмдеу үшін заманауи зертханалар сатып алу жоспарланған.

«Архив – 2025» бағдарламасы аясында шетелдерге экспедиция жұмыстары қалай жүргізілмек?

Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, архившілер, тарихшылар, ғалымдар, мәдениеттанушылар және басқа да сарапшылардан құралған арнайы ғылыми-іздестіру топтарын құруды жоспарлап отыр.

Осы ғылыми-іздестіру топтарымен 14 шетелдік архивте Ресей, Қытай, Германия, Франция, Италия, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Түркия, Моңғолия, Египет және т.б. елдерден Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты архив құжаттары мен материалдарды анықтау және әкелу бойынша ғылыми іс-сапарлар жоспарланған.

Сондай-ақ, іздеу-зерттеу жұмысының материалдары негізінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, фотоқұжаттық көрмелер және басқа ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Әкелінген құжаттамалық деректердің жинақтары, каталогтары, анықтамалықтары шығарылады.

Әрине, архив құжаттарын шетелден әкелу үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана. Басты жұмыс – оларды  жүйелеу, шет тілдерінен аударып, зерттеу, ғылыми айналымға енгізу және ұлттық тарихты зерттеушілердің сол құжаттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Осы бағдарлама барысында шетелдік әріптестермен қандай жобалар қолға алынды? Екі жақты тәжірибе алмасу жұмыстары да қарастырылған ба?

Қазақстан архивтердің халықаралық бірлестігімен ықпалдасу мақсатында шетелдік 17 мемлекетпен және халықаралық ұйымдармен (Ресей Федерациясы, Түркия, Татарстан, Финляндия, Эстония, Армения, Украина және т.б) келісімге қол қойған.

Қазақстан архив ісі саласындағы халықаралық ұйымдардың – Халықаралық архивтер кеңесінің, сонымен қатар оның «ЕВРАЗИКА» Евразиялық өңірлік бөлімшесінің және ТМД қатысушы-мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметтері басшыларының Консультативтік кеңесінің толыққанды мүшесі саналады.

Кешенді іс-шаралар жоспарында мемлекеттік архив мекемелері мамандарының мемлекеттік және шетел архивтерінде тағылымдамадан өтуі қарастырылған.

Бүгінде қандай құнды мәліметтерге қол жеткізе алдыңыздар?

Осы уақыт ішінде ғалымдар көптеген архивтік құнды материалдар тапты. «Бүгінгі жаңалық – ертеңгі тарих» демекші, қазіргі табылған архив материалдары Қазақстан тарихын зерттеп жүрген жас ғалымдардың қызығушылығын тудырары анық. Сондықтан да өткенін қастерлеп, бүгінгісін керегіне жарататын тарих, мәдениет және сан түрлі ғылым салаларындағы шежіренің шындығын сақтап отырған қорларымыз толыға түсті. Жоба аясында шетел архивтерінен, ғылыми мекемелері мен кітапханаларынан Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттарды іздестіру, көшірмелерін алу жұмыстары ғылыми-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасады. Бұл тарихшыларымыздың, ғалымдар мен архив қызметкерлерінің жұмыла кірісіп, нәтижелі жұмыс атқаруын талап ететіні сөзсіз.

2019 жылы «Архив-2025» жобасы аясында мемлекеттік архив қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу тобымен бірлесіп, «Ұлы дала тарихы және мәдениеті бойынша шетелдік архивтер мен қорлардағы археографиялық жұмыстар (анықтау, талдау, цифрлау)» жобасы бойынша Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург, Қазан, Омск, Орынбор, Астрахань және т.б. қалаларының архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу жұмыстары нәтижесінде Түркістандағы қазба жұмыстары туралы, Ханның штаб-пәтерінде алғашқы «қырғыз даласы» ауылшаруашылық артелін ұйымдастыру ісі жайында, Қырғыз сұлтандарының балаларының білімі туралы, ХІХ ғ. қазақтардың шаруашылық жағдайын сипаттайтын құжаттар мен кеңестік кезеңде Қазақстан тарихына қатысты көптеген құжаттар мен фотосуреттер анықталды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ғалымдар мен архив қызметкерлері Қазақстан тарихына қатысты жинаған деректері өскелең ұрпақтың бойына «Мәңгілік ел» идеясы негізіндегі игі қасиеттерді сіңіре отырып, болашақ жас тарихшылардың зерттеу жұмыстарына негіз болады деген сенімдеміз.

Сұхбатыңызға көп рақмет!

Сұхбаттасқан: Марфуға Қараман

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қытайда сабақ басталды. Оқушылар коронавирустан қалай қорғануда?

Келесі жаңалық

Ұлы тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ парызы

ҰқсасЖаңалықтар

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
44
Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды
Әлем

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
159
Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті
Шоу-бизнес

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
107
Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
1.9k
«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс
Денсаулық

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
59
«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты
Қазақстан

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
47
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Ұлы тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ парызы

Ұлы тұлғаларды ұлықтау – ұрпақ парызы

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
1.9k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
2k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3.2k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
4.8k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
44

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
159

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
107

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
1.9k

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
59

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
47
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.