Қостанайда қоқысқа арналған шәшіктен табылған сәбидің басы пакетпен оралған екен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметі оқиға орнына хабар түскеннен кейін жеті минутта жеткен.
«Қоқыс жәшігінде енді ғана туған ұл жатты, оның басы пакетпен оралған болды. Нәресте «клиникалық өлім» жағдайында еді. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты, алайда мүмкін болмады. Нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді ведомство.
Еске сала кетсек, Қостанай қаласының тұрғындары қоқыс тастайтын шәшіктің ішінен сәбидің өлі денесін тауып алды.