«Тальго» пойызында екі жолсерік зорлаған ақтөбелік әйел Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясына қатысты, деп хабарлады Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Көпшіліктің алдына алғаш рет шыққан қыз «зорлық көріп жатқанда неге айқайлап, көмек шақырмаған» деген басты сұрақтарға жауап берді.
«Барлығын менің неліктен айқайламағаным қызықтырды. Мұнда психологтар бар. Әркімнің өз реакциясы бар. Мен не айқайлай, не қозғала алмаймын. Бұл менің реакциям. Таңғы сағат 4-те ұйықтап жатқанда үстіңізге дененің құлай кеткенін сезген қорқынышты. Сен өзіңнің қайда екеніңді түсінбейсің. Жабық кеңістік. Өз-өзіңмен тұйықталып қалатын секілдісің», – деді ол.
Зорлық кезінде басты уайым – ол сені өлтіріп кетпесе деген қыз, қорқынышытан жансыз қалғанын айтты.
«Сіздер мені расымен де жатып алып, екінші жолсерікті күтті деп ойлайсыздар ма? Бұл тергеудің сөзі еді. Бұл мен айқайламаған уақытта болды. Мен осылай абдырап қалғанымды айтамын. Жолсерік менімен бір купеде жатқандарды басқа жаққа ауыстырды. Ол бәрін алдын ала ойластырған. Менің мас болған-болмағаным туралы көп сұрақ қойылды. Мен жолсерікпен сыра ішкенім жоқ», -деп әңгімеледі ару.
Жәбірленушінің сөзінше, қылмыстық істі тергеу кезінде тәртіп сақшылар оған жәрдем беруге аспаған көрінеді.
«Айыпталушылардың менің телефон нөмірімді тергеушілердің бергенін айтқаны туралы бейнежазбаны қарап отырғанмын. 28 қыркүйектен бастап олар маған хабарласып, менің ата-анама бара жатқандарын айтты. Ата-анам егде жаста. Олардан үйіме бармауын өтіндім. Алайда тергеушілер ештеңе істеген жоқ. Олар жолсеріктердің сөзіне сенді. Психологиялық сараптамаға мені айыпталушылармен бірге жіберді. Неліктен бұлай болғанын сұрап едім, тергеуші аузыма ие болып, шектен шықпауымды айтты. Оларды менің ақша алғым келгені қызықтырды», – деп атап өтті бойжеткен.
Еске сала кетсек, 26 шілде күні «Тұлпар-Тальго» пойызында жолаушыны зорлаған екі азаматқа сот үкімі шыққаны туралы хабарлаған едік. Сот үкімі бойынша, қыз зорлаған жолсеріктердің бірін 2,5 жылға, екіншісін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған болатын.