Қытай мен Қазақстан бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалар туралы желіде тарап жатқан түрлі бейресми ақпарат барып тұрған өтірік. Осылай деген премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңіс Қасымбектің ойынша, желіде тарап жүрген түрлі әңгімелер Үкіметтің толық көлемде ақпарат бермеуі себеп болған.
«Бүгінде 15 жоба жүзеге асты, жыл соңына дейін тағы бес жоба жүзеге асады. Неге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 27 жоба беріп отыр, себебі 27 жоба олардың қызмет саласына жатады. Бұл: машина жасау, өндіріс және көлік.
АӨК, өсімдік майын өндіру, рапс, соя, астықты терең өңдеу, глютен өндіру немесе етті қайта өңдеу саласында және ұн экспортына қатысты жобалар бар. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша жобалар пулы.
Мен Энергетика министрлігі бойынша, әсіресе, жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалардың үлкен пул екенін айттым. Жалпы пул – 55 жоба.
Бұл үшін СІМ Инвестиция комитеті жауап береді. Сондықтан СІМ осы жобалар бойынша толық ақпарат беруі тиіс», – деді Қасымбек.
Шенеуніктер қазақстандықтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға тырысатынын жеткізді ол.
«Біз жұмыс орындары Қазақстан азаматтары үшін құрылатынын айтып жатырмыз. Бұл жұмыстың барлығын дәл осы Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін атқарудамыз.
Олардың барлығы (инвесторлар – ред) жалпы негізде жүргізіледі. Ондаған (жобалары-ред) бар. Жыл сайын бұл тізім (жобалардың-ред) жаңарып отырады. Бізді технология, қаржыландыру талаптары немесе басқа да тұстары қанағаттандырмаса, (қабылдамаймыз-ред).
Жобалар өзгеріп отырады, олардың саны бірде артады, бірде азаяды»,- деді вице-министр.