Ақтөбеде банк қызметкерлеріне алдандым деген көпбалалы ана әділеттікке қол жеткізе алмай жүр, деп хабарлайды Neonomad.kz «Astana» телеарнасына сілтеме жасап.
Ақтөбелік Аягөз Әбілованың сөзінше, осыдан 12 жыл бұрын екінші деңгейлі банктердің бірінен несиеге үй алады. Алған ипотекасын доллармен рәсімдеп, нәтижесінде ай сайынғы төлемі 50 мың теңге болған. Бірақ екі жыл өтісімен доллар қымбаттап, айлық төлем 88 мың теңгеге жеткен.
Шырылдаған әйел несиесін теңгеге ауыстыруын сұрап, банкке өтініш жазады. Бірақ банк менеджері алты айға төлем қабілетсіздігі туралы арыз жазуды ұсынған. Содан жарты жыл несие төлемеген Аягөз «банк қызметкеріне алдандым» дейді.
«Қайыралиев Ержан маған кілті әкеліп бер деді. Бірінші мені банкке шақырды. Начальник екеуі айтты. Если сен кілтті қазір бермесең, біз покупатель тауып тұрмыз. Бермесең кілті, сенің үстіңе долгты ілеміз. Еще кілтті алып кетеміз. Бәрібір сен үйсіз қаласың деді. Сосын мен үйге келіп жолдасыммен ақылдасып, кілтті беруге шештім», – деп жыламсырайды әйел.
Кілтті беріп, үйсіз қалдым деген келіншек екі жылдан соң әлгі үй өзінің атында тұрғанын кездейсоқ біледі. Жылдар бойы ипотекалық төлем жасалмағандықан, үстем ақысы да біраз жиналып қалған. Ал кезінде оған қызмет көрсеткен банк қызметкері жұмыстан шығып кеткен көрінеді.
«Бұл үй менің атымда менің үйім ол менің алаяқтықпен кілтімді алып, үстімнен үйімді жалдап отырды. Жалдап отырып еще пәтерақы төлемеген, ештеңе төлемеген. Оны мен білмеймін. Банкте кредитім өсіп жатты. Оған қоса коммуналдық төлем өсіп жатты. Үйімнің барлығын құртып кетті. Екі куәгерім бар. Оларды апарып тұрғанның өзінде ешқандай шара қолданылмай отыр», – дейді Аягөз Әбілова.
Абырой болғанда, банк барлық жиналған үстемені кешіріп, тіпті пайызын азайтып берген. Аягөз болса өз үйінде тқрып жатыр. 2012 жылы банк қызметкерінің үстінен алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ аяқсыз қалып отырған көрінеді. Келіншек сол қызметкерді қалай да жазаға тартып, сот арқылы барлық шығынын да өндіріп алмақшы.
«Соның бәрін көтеріп, қарап сосын уже қандай тергеу жүргізілетінін неліктен қандай себептер болғанын, ол іс қысқартылуға жауап береміз. Өз орынбасарым бар, тергеу жағынан солармен бірге қарап, зерделеп бақылауға алынады», – Атығай Арыстанов, Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы.