Нигерияда тәртіп сақшылар «адам жасап шығаратын» фабриканы құрықтады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш «адам фабрикасында құлдықта болған 19 жүкті әйел мен төрт жаңа туған нәресте құтқарылды.
Nation сайтының ақпаратынша, Нигерияның Лагоста қаласында «адам конвейері» анықталған. Онда қылмыскерлер әйелдерді зорлап бала туғызып, кейін сол балаларды сатып отырған.
Құлдықта болған әйелдердің жас аралығы 15 -28 жаста екен. Көпшілігі ақша табу мақсатында Лагосқа келіп, сол жерден ұрланған. Құлдар бірнеше ғимаратта қамалып, бала көтеру үшін жиі-жиі зорланған.
Одан туған нәрестелер сатылып отырған. Бағасы баланың жынысына байланысы: басылым келтірген ақпаратқа сай, қыз балалар 830 долларға, ұл балалар 1380 долларға сатылған.