Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына жазылған өтініші қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Майлыбаевтың мемлекеттік құпияларды тарату, жария жасағаны үшін шартты түрде босатылуына рұқсат берілмеді.
«2019 жылы 4 қыркүйекте қылмыстық істер бойынша сот алқасының үкімімен сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды», – дейді қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2017 жылы 16 қаңтарда Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету» бабына сәйкес қылмыс жасады деген күдікпен ҚР президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевты ұстаған еді. Артынша сот оны кінәлі деп таныды. Майлыбаевтың мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.