Жуырда ғана алаяқтық үшін тергеуге алынған Алматы облысы әкімінің орынбасары қайта жұмысқа шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ол жұмысқа шықты және өз қызметінің аясындағы міндеттерді орындап жатыр», – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Алайда әкімдік бұл ақпаратты растамады.
Алайда 27 қыркүйекте Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат ресми түрде расталды.
Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын.
29 қазанда шенеуніктің адвокаты оған қатысты істің тоқтатылғанын мәлімдеді. Бас прокуратура осындай шешім шығарғанын айтты.