Алматыда оталмай қалған көлікті жол жиегіне итеріп апарғысы келген екі ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz.
«Территория происшествий» бағдарламасының тілшісінің айтуынша, қайғылы оқиға Рысқұлов даңғылы мен Қасым Шәріпов көшесінің қиылысында болған.
Оқиға куәгерлерінің сөзінше, Рысқұлов даңғылы бойымен екі ер адам Toyota Carina E маркалы көлікті итеріп бара жатқан. Көлік өшіп қалғандықтан, олар оны жол жиегіне апарғысы келіпті.
Сол сәтте батыс бағытта Mitsubishi Galant автокөлігі келе жатқан. Белгісіз себептермен Mitsubishi көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен Toyota-ға соғады. Салдарынан ер адамдар екі көліктің арасына қысылып қалған.
Жол-көлік оқиғасынан соң екі ер адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда жатыр.