Оралда белгісіз ер адам нотариус әйелді кепілге алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға Жәңгір хан көшесіндегі 13 тұрғын үйінде орын алды.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, шабуыл жасаған ер адам әйелдің күйеуі. Болжам бойынша, кепілге алу кезінде жапа шегуші кеңседе болған.
Полицияның мәліметінше, ер адам қаруланған болуы мүмкін.
Оның қолынан гранатаға ұқсас зат байқалған.
Қазір кепілге алушымен келіссөздер жүргізілуде.
Төтенше жағдай орнына тек патрульді полиция ғана емес, атты взвод қызметкерлері де келген. Сондай-ақ, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен медицина қызметкерлері бар.
Қазіргі уақытта нотариус аумағы қоршалған. Тұрғындар эвакуацияланды.
Оқиға орнында өңірдегі полиция департаментінің басшысы Серік Сүйінбаев та бар.
Күдіктінің кім екені анықталды. Белгілі болғандай, жұптар арасында ажырасу процесі жүріп жатыр.