Бейсенбі, Наурыз 4, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Бәрібір қыз емессің ғой»: Павлодарда inDriver жүргізушісі жас қызды зорлап тастаған

Қазан 1, 2019
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Оқиға
Поделиться на Facebook

Павлодарда inDriver тасымалдау қызметінің такси жүргізушісі жас қызды зорлап, тонап кетті деп күдіктеліп отыр. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қорындағылар Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорда жарияланған мәліметке сәйкес, оқиға маусымның 2-сіне қараған түні орын алыпты. Сол түні ағасы мен қарындасы сауық кешінен үйіне қайту үшін inDriver қосымшасы арқылы такси шақыртқан. Мұнан кейін олар көлікке отырып, ағасы үйіне бұрын жетіп, түсіп қалыпты. Артынша жүргізуші емханада дәрігер болып жұмыс істейтін қызды одан әрі алып кетеді.

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

«Такси жүргізушісі қыздың үйіне жетпестен көлікті тоқтатып, артқы орындыққа қыздың қасына жайғасып, есіктің бәрін жауып тастаған. Қыз шақырту бойынша жұмыс істейтін такси жүргізушісі зорлаушы болады деп ойламаған. Ол қатты қорқып, өзін аяуын сұрапты. Алайда ер адам өзінен әлдеқайда денелі болғандықтан, қарсыласуға шамасы болмапты. Бәрі кенеттен және жылдам болған. Ер адам оның іш киімін жартып, жылап, жалынғанына қарамастан зорлап тастапты. Ол өз шаруасын тындырғаннан кейін, қызды көліктен итеріп шығарып, iPhone 8 телефонын тартып алады. Көліктен құлап түскен қыз орнынан тұрғанша жүргізуші кетіп үлгерген», – делінеді хабарламада.

Ертесі күні қыз құрбысымен бірге полицияға жүгініпті. Артынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама жасалып, қыз оқиға орнына барып, жүргізушіні сипаттап берген. Сол күні ол iCloud арқылы өзінің қоңырауын тауып алып, скриншот жасапты. Сонымен қатар iCloud арқылы телефонын бұғаттап тастаған. Такси жүргізушісі оның телефонын қосқанда, оның тұрған орны анықталыпты. Осылайша, қыз бүкіл мәліметті полицияға беріп, артынша күдікті тұтқындалған.

Полиция күдікті мен жәбірленуші бетпе-бет кездестірген. Ер адам қыздан кешірім сұрап, екі баласы барын айтып, түсіністікпен қарауын, өмірін құртпауын сұраған.

«Ертесі күні ол тағы да қоңырау шалып, кездесуді сұраған. Қыз құрбысымен бірге барып, әңгімені видеоға түсіріп алыпты. Ер адам оған моральдық шығын ретінде 100 мың теңге ұсынып, одан басқа ақшасы жоқ екенін айтыпты. … Ол: «Мен тазамын. Отбасылы адаммын ғой. Кішкентай балаларым бар. Жұқтыратын ештеңем жоқ», – деген. Артынша: «Сен бәрі бір қыз болған жоқсың ғой», – деді», – делінеді жазбада.

Қордағылардың сөзінше, мұнан кейін күдіктінің туыстары жәбірленушінің мекенжайын, жұмыс орнын біліп алып, сес көрсете бастаған. Күдіктінің екі ағасы емханаға барып, қыздан кездесуін сұрапты. Алайда қыз бас тартқаннан кейін, оны басшылық арқылы шақыртып алатындарын айтып қорқытқан. Мұнан кейін 21 маусымда күдіктінің әпкесі жәбірленуішінің үйіне барыпты. Алайда қыз есікті ашпай қойған.

«Ертеңіде әпкесі бір ер адаммен бірге оны жұмысының маңында аңдып, артынша артынан жүгіріп, ақшаны алуын сұраған. Ол жылап тұрып інісінің әйелі балаларын алып кетіп қалғанын айтыпты. Алайда қыз оларға тағы келсе полиция шақыратынын ескерткен. … Олар қыздың емханадағы жұмысына келіп, пациенттермен бірге кезекте отырып, сөйлесуін сұраған. Дәрігер қыз ашуланып, жылапты», – дейді қордағылар.

Сонымен қатар «НеМолчи.kz» қорындағылар тергеу барысына көңілдері толмай отырғанын жеткізді. Себебі тергеуші «жәбірленуші шаршап, әрі қарайғы амалдардан бас тартуы үшін» бәрін жасаған, дейді.

«3 қыркүйекте тергеуші жәбірленушіні екінші бетпе-бет кезедсуге шақырады. Сол жерде күдікті мүлдем басқа оқиғаны айтқан. Ол қыз екеуінің арасындағы жыныстық қатынас келісім бойынша болғанын, екеуінің бірге ішімдік ішкенін айтыпты. Бірінші кездесудегідей кешірім сұрамаған. Мұнан кейін істі артқы уақытпен жапқан. Бұл туралы жәбірленуші Павлодар облыстық ПД-ға жүгінген кезде біліпті. Құжатта бетпе-бет кездесу уақыты 17 тамыз деп көрсетілген, ал іс 20 тамызда жабылған», – дейді қордағылар.

«НеМолчи.kz» қорындағылар аталған қылмыстық іс бойынша тергеушіге қатысты тексеріс жүргізуді сұрады. Сонымен қатар облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінен істі бақылауға алуды сұрап отыр.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Stan.kz ақпарат агенттігіне берген жауабында аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«2 маусымда аталған дерек бойынша Павлодар полиция басқармасының тергеу бөлімімен ҚР ҚК «Зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тұтқындалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сараптама тағайындалды», – дейді полиция департаментіндегілер.

Бөлісу33ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Ең болмасы қорғаныш болмады»: Анасынан айырылған үш бала видеоүндеу түсірді

Келесі жаңалық

Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонаған топ ұсталды

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
164
Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)
Әлем

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
12
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
57
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
484
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонаған топ ұсталды

Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонаған топ ұсталды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
484
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544
Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
164
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
164

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

Наурыз 3, 2021
12

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
544

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
57

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
484

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
276
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.