Барыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Жол апаты 2 желтоқсанда сағат таңы 06.00 кезінде Тасқала ауылында болған. Сәкен Қожанов есімді жол-техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік инспекторы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен.
«56 жастағы жаяу жүргінші жолдан рұқсат етілмеген жерде өтпек болған. Апат салдарынан ол ауыр жарақат алып, қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бізге жеткен ақпаратқа сай, қазір ол комада жатыр. Полиция қызметкері Сәкен Қожановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деді БҚО Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Александр Плешаков.
Жол апатын жасаған полицей қолға түскені белгілі.
«Полиция қызметкері қорыққанынан қашып кеткенін айтты. Ол өзінің жеке меншігіндегі Chevrolet Niva автокөлігімен келе жатқан. Медициналық куәландыру қорытындыларына сай, ол сау күйде болған», – деп қосты Александр Плешаков.
Бұл соңғы айдың ішінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған осымен үшінші жол апаты.