Батыс Қазақстан облысында ер адам 4 жастағы өгей ұлының аяқ-қолын байлап, бірнеше сағат бойы сарайға қамап тастаған. Оқиға Қазталов ауданы Бостандық ауылында болған. Бұл туралы Zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Бүлдіршінді ауылдастары араласып жатып, босатып алыпты. Кейбір мәліметтер бойынша, баланы байлап қоюға өгей әкесінің жеңгесі мәжбүрлепті. Өңірдің полиция департаменті азаматта психикалық ауытқу бар екенін атап өтті. Оқиғаның жай-жапсарын заң өкілдері мен білім бөлімінің мамандарынан құралған арнайы комиссия анықтап жатыр.
«1991 жылы туған ер азамат өзінің 2016 жылғы туған өгей баласын есік алдындағы қораға қамап ұстаған. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 126 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.