Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

«Бұл кезде үйленбеген жөн»: Мүшел жаста неге тойлауға болмайды?

Қараша 12, 2019
Өмір, Денсаулық, Қазақстан, Қоғам, Мәдениет
Поделиться на Facebook

Қазақ халқында мүшел жас ерекше аталып өтетін жас. Жалпы бұл жаста не істеу керек, не істемеу керек? Бұл жастар неге ерекше саналады? Мүшел жасқа толғанда жасын жасырып жүру керек деген сенім бар. Не үшін? Барлық сауалдарға жауапты этнограф-ғалым Болат Бопай айтып берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бәріміз білетіндей қамыс буын-буыннан тұрады. Жел соққанда қамыс сол буынынан сынады. Дәл сол сияқты мүшел жас адам өмірінің буыны есептеледі. Қатерлі жас дейтіні сондықтан. Мүшел жас жұп сан болмайды.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Бірінші мүшел 13 жас;

Екінші мүшел 25 жас;

Үшінші мүшел 37 жас;

Төртінші мүшел 49 жас;

Бесінші мүшел 61 жас;

Алтыншы мүшел 73 жас;

Жетінші мүшел 85 жас;

Сегізінші мүшел 97 жас;

Тоғызыншы мүшел 109 жас.

Бірінші мүшел жасқа келгенде қазақтар «он үште – отау иесі» дейді. Осы жаста гормоналды өзгерістер болып, физикалық тұрғыдан пісіп жетіле бастайды. Бір үйге ие болатын, мал бағар жасқа келді деп жігіттерге баға берсе, қыз балалар ожау ұстар жасқа келді, қазан қайнатар жасқа ие болды дейді екен. Ол кезде ақыл-ой жағынан толық жетілмесе де, кейбір балалар өз жасынан жетік туылатын кездері болады. Сoндықтан мүшел жас кезінде баланың жақсы киімін таратып немесе бір малды құрбан шалып, ырым етіп, садақа береді. Өйткені сол кезде желік пайда болады. Қазақта мүшел жастың желігі деген бар. Жел соққан секілді мінезінде ұйытқу, қуану, ренжу, өзін-өзі ұстай алмайтын, ауа-райы сияқты құбылмалы болады. Кейін ақырын орнына келеді.

Одан кейінгі 25 жас деген керемет жас. «15 жас, 25 жас,  35 жас үшеуі-үш күн қонған қонақ екен» деген қазақтың қара өлеңінде бар емес пе? Сондықтан 25-ке келгенде қасқырдай болады. Қуғанына жетеді, ұстағанын үгітеді. Ақылы да толықсып, оң-солын ажыратып, жан-жағын бағамдай алатын, басқаларға да сөзі өтімді бола бастайтын кезі. Қарап отырсақ, баяғы өткен батырлар мен шешендердің, көсемдердің, ел бастаған ерлердің барлығы 15-25 жас аралығында атой салған. Қылыш ұстап, жауға шапқан, хандармен тізе қосып, тең болған кезі. Барлығы сол жастан басталады.

Осы жасқа келіп, өмірдегі екінші буынына, иіліміне келгенде тағы да садақасын береді, киімін, жақсы көретін нәрселерін таратады, сақ сынады. Содан кейін мүшел жасын жасырып, не бір жасқа артық, не кем айтады. Өйткені, нағыз толықсып, айы оңынан туып тұрған шағында тіл-көз тиіп кетеді деп есептейді.

25 жасқа толғанда дүркіретіп тойламайды. Тек бір жыл өткізіп жіберіп, не бір жыл алдын тойласа құп. Одан кейін мүшел жасқа толған жылдағы малды бауыздамайды, қан шығармайды. Қан шығарса, қауіп-қатер болады деп ырымдаған және мал сойғызбаған.

Мүшел жаста үйленуге болмайды. Сол жылды өткізіп жіберіп, не мүшел жастан бұрын үйленеді. Сол жылы үйленбеген дұрыс. Үйленсе, ажырасып кету, қатерге ұшырау, шаңырағы шайқалу деген сынды қауіп бар. Өйткені мінезіндегі алып-қашпалық, мүшел жастың желігі қате қадамдарға апаруы мүмкін.

37 мен 49 жас та ең керемет жастар. Ел ағасы болып, басқаларға ақыл айтатын көрегенді жас. Тәжірибесі мол, піскен жас. Бұл кезеңде де садақа беруді ұмытпаған дұрыс.

61 жас – ата жас, пайғамбар жасы деп те жатады. Бұрындары 73, 85 жас қарттық жасқа жататын. Қазір ғылым, техниканың, мәдениеттің өркендеуімен орта жастағыдай жүретін болды.

Барлық мүшел жасты жиып келгенде сақ сынатын нәрселер: садақа береді, аңдарды бауыздамайды, жәндіктерді өлтірмейді, ең жақсы көрген затын сыйлап, үнемі садақа беріп отырады. Содан кейін басқаларға үнемі жақсылық істеп, тек жақсы ортада болып, желік қуып кетуден аулақ болуы керек. Мүшел жасында өте алыс сапарға шықпағаны дұрыс. Тіпті, қажет болса, жалғыз жүрмей, қасына жолсерік қосып, абай болғаны дұрыс.

БөлісуТвитБөлісу1Жіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Тез артқы орындыққа отырды": Такси жүргізушісі жолаушыны зорлап тастаған

Келесі жаңалық

Бір бала көз жұмып, екеуі пышақ жарақатын алды: Ақтөбеде балалар арасында төбелес болды

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
539
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
37
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
15
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
550
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
214
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Бір бала көз жұмып, екеуі пышақ жарақатын алды: Ақтөбеде балалар арасында төбелес болды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
539
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.8k
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
550
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
539

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
37

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
15

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
550

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
214

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.